« Инклюзивті оқыту» коучинг-сессиясы туралы есеп

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Коучинг сабағының сипатамасы.

 

Мақсаты:  Инклюзивті оқыту туралы  мағлұмат беру. «Білім  баршаға» бағдарламасының  тиімділігін түсіндіру.

 Мұғалімдер үшін табыс критерийлері:   Инклюзивті  оқытудың  қайырымдылық пен  адамгершіліктің  бастауы екендігін түсінеді. Болашақта білім беру мекемелерінің  инклюзивті оқытуға  бейімделе отырып,  қайтадан өзгерістер енгізу керек екендігіне  көз жеткізеді.

Ресурстар: Интербелсенді тақта, флипчарт, маркерлер, үлестірме материалдар,  түрлі-түсті  борлар мен тұз.

         Сабағымның  басынды  мен  әріптестерімді  бес топқа  бөліп  алдым  және  оларға   еліміздегі    және  дүние жүзіндегі  инклюзивті   мектептерде  оқитын  балалар   туралы  бейнекөрсетілімді  көрсеттім. Сонымен  бірге  мағынасы  сын  тұрғысынан  бір-бірін  ашатын,  жырығы бар  құмыра туралы  бейнекөрсетілім  көрсеттім.

 

        Көрсетілім  барысында  мен  әріптестерімнің   көздерінен  өзгеріс пен  бұл  балалардың  өміріне  деген  аянышты  сезімдегі  күйлерін  байқадым. Осы көрсетілімнен кейін   әріптестеріме   коучинг сабақтың  тақырыбын  табуға  түрткі  жасадым.  Әріптестер  коучинг  сабақтың  тақырыбын  тауып, өз ойларын айтуға тырысты. Мен  оларға  топ  бойынша  осы көрсетілімдер  туралы  өз  жан  тебіреністерін  айтуға ,  ашық-жабық  сұрақтар  қоя  отырып  олардың бір-бірлерінің  ойларын  толықтыруларына  түрткі жасадым. Әріптестер  бұл  мүмкіндігі  шектеулі   балалардың  өмірлерінің  сондай аянышты  екендігін  және  мұндай  балаларды  қоғамнан  шеттетпей , оларға  демеу болып,  олардың да өмірден  өз  лаззаттарын  алуы керектігін айтты.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.08 Mb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 156

Похожие материалы