Ә. Нұрпейісов «Балықшылар» әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

"Описание материала:

Қызылорда қаласы №101 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тыманбаева Орал Дастенбекқызы Ә.Нұрпейісов «Балықшылар» әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті Сабақтың тақырыбы: Ә.Нұрпейісов «Балықшылар» әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті (қорытынды сабақ) Сабақтың мақсаты: білімділігі: әңгіменің сюжетін толық меңгере отырып, шығарманы оқып- үйренудің әдіс-тәсілдерін дұрыс қолданып, талдай білуге баулу.

Тәрбиелігі: кейіпкер келбеті арқылы еңбекті сүюге, адал болуға, үлкенді сыйлауға баулу. Жақсы мен жаманды ажырата алуға үйрету дамытушылығы: сұрақтар, тапсырмалар арқылы ізденушілік қабілеттерін дамыту, бірін-бірі тыңдау, сыпайы, сенімді болуға, еркін сөйлеуге үйрету.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың түрі: білімді сынау, талдау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сюжетті талдау, кейіпкер тілі, салыстырмалы диаграмма, кейіпкерге хат, проблемалық оқыту әдісі

Сабақтың көрнекілігі: интер. тақта, семантикалық карта, бағалау парағы, бағалау фиш-ы, фотосюжет, қима қағаздар, Пәнаралық байланыс: халық ауыз әдебиеті, қазақ тілі, тарих, экология

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру әдісі. а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. ә) сынып тазалығына назар аудару. б) оқушының көңілін сабаққа баулу. - Талдау – табыс кілті. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: шығарма сюжетін толық меңгере отырып, талдау түрлерін жүргізу. Біздің бүгінгі сабағымыз топтық жұмыс түрінде өтеді. Топтық жұмыстың бір пайдасы ұйымшылдық, ауызбіршілік секілді жақсы қасиеттердің сіздердің бойларыңызда қалыптасуына, бой көтеруіне жақсы ықпал етеді. І топ «Қасиет» тобы ІІ топ «Ғибрат» тобы ІІІ топ «Қайырым» тобы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Табиғат апатымен арпалыс» (эссе) Арал теңізінде орналасқан қима қағаздардағы сұрақтарға жауап беру. 1. Әңгімедегі Арал теңізінің қазіргі жағдайы қалай? Әңгімедегі сюжет қандай оқиғаға байланысты құрылған? (Арал теңізі жағасында балықпен тіршілік етіп жатқан балықшылардың күнделікті күйбең тіршілігі) Әңгімеде қандай кейіпкерлер кездеседі? (Әлиза, Мөңке, Есбол, Еламан, Рай, Дос, Курнос Иван, Тентек Шодыр, Андрей, Қаратаз,Жалмұрат, Итжемес, Құлтума)

ІV. Жаңа сабақ Балықшылар, балықшылар! Көк теңіздің құрдастары, Көк теңіздің сырластары. Көк теңіздей бір тынбайды, Көк теңізден жыр тыңдайды. Көк теңіздей тебіренеді. Көк теңіздей дауыл құмар, Көк теңіздей шалқиды олар. Толқындардай ағылады, Аз уақыт көрмесе егер Көк теңізді сағынады, Балықшылар, балықшылар. - Ендеше, оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы, яғни қорытынды сабағымыз Ә.Нұрпейісовтің «Балықшылар» әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті. Бүгінгі күннің реті мен сабақтың тақырыбын дәптерімізге жазайық. Енді, оқушылар, барлықтарың маған назар аударыңдар. Біз шығарманы толық оқып, мазмұнын меңгеріп шықтық.. Солай ма? Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз талдау, тиянақтау, қорытындылау сабағы болмақ.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 138.84 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 157

Похожие материалы