« Сыйынар ем Ана деген тәңірге! »

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ашық сабақ тақырыбы: « Сыйынар ем Ана деген тәңірге! »

Ашық сабақ мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ұстаз, аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстаздарға, ата-аналарға деген құрмет-сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: слайд, анаға тілек жазылған плакаттар, суреттер.

Барысы:

Кіріспе:

Жүргізуші: Кеш жарық қымбатты ұстаз-аналар, арулар!Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мейрамы келді. Осынау көктем мерекеcінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таң мен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар!

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар қасиетті аналар!-дей келе ашық сабағымызды ашық деп жариялаймыз.

Жүргізуші: Құрметті аналар, біздің колледж ұстаздары, қыздар! 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өзіңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер!

Сіздерден өскен бабалар,

Батырлар мен даналар,

Құттықтаймыз мейраммен

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.38 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 107

Похожие материалы