Здесь была ссылка на работу » Үй,пәтер» автора Подцукова Светлана Николаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы:Үй,пәтер Сабақтың мақсаты: 1.Жаңа сөздерді меңгертіп,әңгімелеу барысында пайдаланып үйрету 2.Сауатты сөйлеу,жазу қабілеттерін жетілдіру.Септік жалғауларын, реттік сан есімдерді орнымен қолдануға машықтау. 3.Оқушыларды адамгершілікке,кішіпейілділікке тәрбиелеу. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аударып,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. а)Тест сауалдарымен жұмыс б)Шығармашылық жұмыс Берілген сөздермен әңгіме құрап жазу: Демалыс күні,серуен,саябақ. в)Жатқа өлеңді мәнерлеп оқу «Мына менмін-Бағдаршам!!!» ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру. а) Жаңа сөздермен таныстыру Қабат-этаж Бір қабатты-одноэтажный Көп қабатты-многоэтажный Пәтер-квартира Бірнеше-несколько Сиқыршы-волшебница Сиқырлы-волшебный Жай үй емес- не простой дом Көмекшілер-помощники ә)Мына сөздерді пайдалана отырып,сурет бойынша әңгіме құрап үйренеміз.ол үшін реттік сан есмнің жасалуымен танысайық. Сан есім түбіріне –ыншы-,-ншы-,- інші-,-нші- жұрнақтары жалғанып жасалады: бір + інші, алты + ншы б)-Мынау не? -Бұл үй. -Үй неше қабатты? -Үй бір қабатты - Мынау не?-Бұл да үй. -Бұл үй неше қабатты? -Бұл үй бес қабатты -Екі және одан да көп қабатты үйлер дейміз. -Мына үй көп қабатты,бірақ бұл үй жай үй емес,сиқырлы үй.Өйткені әр қабатында пәтерлер бар.Бұл үйде сиқырлы ханшайым мен көмекшілері тұрады. -Ханшайым балаларды кішілерді ренжітпеуге,үлкендерді сыйлауға,табиғатты қорғауға,Отанымызды сүюге тәрбиелейді. -Сиқыршы бірінші қабатта,бірінші пәтерде тұрады. -Тағы кімдер бірінші қабатта тұрады? -Екінші қабатта кімдер тұрады? -Лена,Стас,Влад,Камил нешінші қабатта тұрады? -Басқалары нешінші қабатта,нешінші пәтерде тұрады? Уйге:82 бет №2 №3 Сөздік Сабақты бекіту,қорытындылау