1 класс Открытый урок «Ойыншықтар».

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
  Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, № 30 жалпы білім беретін орта мектеп                                 Тақырыбы: Ойыншықтар. Көптік жалғауларын қайталау. 1 «Г» сынып               Орындаушы: қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі       Абдикаримова Назгүл Қапашқызы         Қарағанды-2014     Қазақ тілі. Сынып:1 «Г» сыныбы Өтілетін күні:19.04.2013 жыл Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар. Көптік жалғауларын қайталау. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтарды жекеше, көпше түрде атай отырып, қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту, ойыншықтардың түр-түсін сипаттауға үйрету. Дамытушылық:Қазақ тілінде ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту, сөздік қорын молайту, дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік:Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға, әдемілікті сақтай білуге, ұжымшылдыққа, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу. Көрнекілік құралдар: Интерактив тақтасы, тақырыпқа байланысты суреттер, кітапшалар, әртүрлі ойыншықтар. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: үйрету, түсіндіру, сұрақ-жауап. жаттату. Пән аралық байланыс:орыс тілі, математика, дүниетану. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушымен сұхбат. – Ал, балалар бүгін сыныпта кім жоқ? -Апта күндерін атап жіберейік,бүгін аптаның қай күні?(3-слайд) Апта күндері Сұрақ-жауап бойынша үй тапсырмасын тексеру.       Балалар, біз өткен тақырыптарда жыл мезгілдерін өткен болатынбыз, ал кәнеки, соны есімізге түсірейікші Мынау қай жыл мезгілі? (4,5,6,7,8-слайдтар)      - Балалар наурыз, сәуір, мамыр бұл жылдың қай мезгіліне жатады? - балалар, көктемде қандай өзгерістер болады және қандай гүлдер гүлдейді? (күн жылынады, құстар ұшып келеді, бәйшешек, қызғалдақ, інжугүл) (сергіту сәті) Бала, бала, балақан Кәне қайсы алақан Саусақтарын әйбат Былай, былай ойнат. Топ-топ, топ-топ басайық Жалаудан күн жасайық, Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн.   ІІ. Жаңа сабақ. Балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Ойыншықтар» деп аталады. -              Балалар сендердің өздерің жақсы көретін ойыншықтарың бар. Балалар менің де жақсы көретін ойыншығым бар. Менің сүйікті ойыншығым - ақ қоян. Ал сенің сүйікті ойыншығын не?  (4-5 баладан  өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы сұрап өтем, олар өздерінің сүйікті ойыншықтарын орысша, білетіндері қазақша атап береді): Менің сүйікті ойыншығым – доп, аю, машина, т.б. Өте жақсы, балалар! Балалар, олай болса осы ойыншықтарға байланысты жаңа сөздермен танысайық. 9-слайд.         Сөздік 10-слайд. (1-тапсырма. Оқы есіңе сақта.)   11-слайд. (2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу.)   12-слайд. (3-тапсырма. Қонжықтарды тура және кері санау) 13 13 13 слайд. (4-тапсырма. Сандардың көршісін тап)   14-слайд. (5-тапсырма. Сөз жұмбақ шешу) 5-тапсырма. Сөз жұмбақты шешу. 15-слайд. (6-тапсырма. Түсіп қалған әріпті табу) 16-слайд. (7-тапсырма. Буындардан сөз құрастыр) 17,18-слайдтар. (8-тапсырма.Не артық?) 19-слайд. (8-тапсырма. Сөйлемді толықтырып жаз.)     20 –слайд. (9-тапсырма. Адасқан әріптерді тап) Қ А Қ У Ы Р Ш А Қ Э О Р У Ю Б Б Ю Ж Ш З Н Д Ы Қ О Я Н Ц Й Р Ж О В Л В Ы Ф К У Т Ы П А Г Р М С Ч Я О Қ Л С Е К І Р Т П Е Ь Н В М А Ш И Н А А Ю О Ы У М Ы С Ы Қ Ғ                   21-слайд. (10 тапсырма. Сурет бойынша үш сөйлем құрастыр) 22-слайд. (11-тапсырма. Сөйлесу) Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап. 23-слайд. Балаларды бағалау.   Үй тапсырмасы:Өздеріңнің сүйікті ойыншықтарының суретін салып, оны сипаттап жазып келу, жаңа сөздерді жаттау.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 7.97 Mb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 107

Похожие материалы