№1 Сарамандық жұмыс Электролиттік диссоциация және электролиттердің қасиеттері бойынша эксперименттік есептер
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Жексенбаева Айман Абдуллаевна
|
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Ақши орта мектебі
химия-биология пәні мұғалімі
Жексенбаева Айман Абдуллаевна
Сабақтың тақырыбы: №1 сарамандық жұмыс электролиттік диссоциация теориясы тарауына эксперименттік есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Қышқылдар мен негіздердің, тұздардың иондық теңдеуін қатесіз жаза білу дағдыларын қалыптастырады. Сапалық реакциларды тани білуге дағдыланады. Эксперимент жасау дағдыларын қалыптастырады. Ион алмасу реакцияларын жаза біледі. Сапалық реакциялардың маңызын түсінеді. Генетикалық байланыс туралы білімдерін тереңдетеді.
Күтілетін нәтиже:Эксперименттік есептер шығару барысын, есептің мазмұнын және шығару жолын (алгоритмін) түсінеді. Аквахимия ерекшелігі туралы түсінік алады.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы (сарамандық сабақ)
Сабақтың әдісі: АКТ, СТО, сарамандық жұмыс , НТӘ сөздер банкісі, Джиксо,Өзара кері байланыс: Үш қадамдық сұхбат
Көрнекіліктер : Е К плокаттар, Интерактифті тақта, слайд.
Қажетті құралдар мен реактивтер: сынауығы бар тұрғы, спиртшам, тұз және күкірт қышқылының ерітінділері, натрий гидроксидінің, калий карбонтының, күміс нитратының, мыс (ІІ) сульфатының, кальций хлоридінің, темір (ІІІ) хлоридінің ерітінділері, кальций карбонаты (бор, мәрмәр түйіршіктер), лакмус және фенолфталеин ерітіндісі.
Сабақтың барысы:
I. Кезең Ұйымдастыру. а)(шамамен жұмсалатын уақыт) 2 минут Жаңа тәсілдер топқа бөліну серігіңді тап ( тұздар , қышқылдар, негіздер, оксидтер формулаларындағы атом мен атомдар топтары ьеріледі.
ә)Жылы атмосфера қалыптастыру: тілек айтылады.
б) Топ ережесі
1. Өзгені тыңдау, сөзін бөлмеу
2. Жетістікке жету тактикасын дұрыс таңдау
3. уақытты тиімді пайдалану
4. өз ойын қысқа, нұсқа, түсінікті жеткізу
5. сөз мәдениетін сақтау
6. топ мүшелері өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау
7. қойылған талаптарды сақтау
8. әр пікір құнды
9. ортақ шешімге келу, жаөсы көңіл күй қалыптастыру
10.белсенділік таныту
2. Кезең: Сабаққа кіріспе . Сабақтың тақырыбының мәнін ашады. НТӘ әдісі бойынша сөздер банкісі
«Зат жойылмайды, жоқтан пайда болмайды!»
М.В.Ломоносов.
Сабақтың табыс критерийлерін ұсыну және талқылау
Тақырыптың ең маңызды элементтерінің тізімін сөздер банкісіне жазып қойып, сол сөздер ішінен сабақ тақырыбын шығарады
Тақырыптың түйінді сөздері
Сөздер банкісі
Электролиттік диссоциация, ассоциация, калий хлориді, жұмыс. Тұз қышқылы, электролиттер, қасиеттері бойынша, есептер , эксперименттік, сарамандақ, спирт шам, ерігіштік кесте, №1 , мысалдар,
Біздің тақырып
№1 Сарамандық жұмыс Электролиттік диссоциация және электролиттердің
қасиеттері бойынша эксперименттік есептер
Қауіпсіздік ережесі туралы слайд бойынша сөйлейді. (4 топ)
Оқушыларға төмендегі тапсырма беріледі, каллобаротивті әдіс бойынша алдымен жеке, сосын жұппенғ сосын топпен талқылайды.
І-топ: 1- есеп.Мына заттар ерітінділері арасында жүретін реакцияны тәжірибе жүзінде іске асырып қадағалаңдар:
А) калий карбонаты және тұз қышқылы;
Ә) теамір (ІІІ) хлориді және калий гидроксиді;
Б) натрий гидроксиді және күкірт қышқылы;
Реакция теңдеулерін толық және қысқартылған иондық түрде жазыңыздар.
ІІ-топ: 3-есеп. Лакмус немесе фенолфталеин қатысында бейтараптану реакцияларын жүргізіңдер.Мысалы, натрийгидроксиді мен тұз қышқылы ерітінділері арасында жүретін химиялық реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.Байқағандарыңды қорытындылап түсіндіріңдер.
ІІІ-топ: 2-есеп. Мынадай айналымдарды тәжірибе жүзінде іске асырыңдар: мыс (ІІ) сульфаты→ мыс(ІІ) гидроксиді→ мыс (ІІ) оксиді → мыс (ІІ) хлориді
Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазып, оның жүру жағдайын түсіндіріңдер.
IV-топ: 4- есеп. Үстел үстіндегі реактивтерді пайдалана отырып, мына заттарды алыңдар:а) темір (ІІІ) гидроксиді, ә) мыс (ІІ) гидроксиді, б) барий сульфаты.
Әр топ тапсырмасын орындап біткен соң топта талқылайды.
Сергіту сәті: «алға , артқа» би
Сосын Джиксо әдісі бойынша жұмыс жасайды. Мақсаты: Сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Баяндаушы (сараптаушы) төрт топқа барып өздерінің білген талқылайды. Кейін өз топтарына келіп отырады.
Өзара кері байланыс: Үш қадамдық сұхбат Мақсаты: Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі. Жұмыс алгоритмі:
Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөлінеді: А және Ә, Б және В.
1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.
2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.
3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі. Мысалы: 1. Электролиттік диссоциация 2. Электролиттер мен бейэлектролиттер 3. Ион алмасу реакциялары немесе сөздер банкісіндегі берілген сөздер бойынша өзі сосын жұппен, топпен талқылайды.
Дарынды баламен жұмыс: оқушы электролит пен әлсіз электролитті тәжірибе арқылы көрсетеді.
Ыстық орындық: химик-лоборант ретінде жауап береді. Рольге берілуі керек.
Мақсаты: Біреуге алаңдаушылық танытуды ынталандыруға, мазмұнды «түсінетіндігін» түсінуге арналған драмалық тапсырма. Сұрақтарды
зерделеп, ұстанымдарды негіздеуге мүмкіндігі.
Бағалау өзін-өзі бағалау
Аты-жөні
Мен көп нәрсені үйрендім
Мен аз нәрсе үйрендім
Мен ештеңе үйренбедім
Өз жұмысымды бағалағанда
3
2
1
Өз бетімше жұмыс істегенде
3
1
«Өмір сүру – ол білумен тең»
Д.И.Менделеев
Үйге тапсырма : бақылау жұмысына дайындалып келу, есептер жинағынан есептер шығару
Рефлексия: мұғалім сынып және жекелеген оқушылар бойынша өз жазбаларын жазады.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 6.26 Mb |
Количество скачиваний: | 62 |