10 санын қосу және азайту
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Еспенбетова Загира Нагметуллаевна
|
Республика Казахстан, Кызылординская область город Кызылорда
Средняя школа № 211учительница начальных классов Еспенбетова Загира
Презентация урока "10 санын қосу және азайту "
№ 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп
Ондықтарды қосу және азайту
математикадан ашық сабақ
Өткізген Еспенбетова Зағира Нағметуллақызы
1 «Б» сынып
Қызылорда қаласы, 2014 жыл
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ондықтарды қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
1. толық ондықтармен арифметикалық амалдар орындау дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы:
2. логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, оқушының белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылауды, бағалауды үйрету.
Тәрбиелілігі:
3. оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге, өз жұмысын бақылауға, мақсатына жетуге ұмтылдыру; қиялын ұштай білу; Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, дүниетану
Көрнекілігі: слайдтар, деңгейлік тапсырма парақтары
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Кезекшінің мәліметі
Психологиялық даярлық
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Өзіңді-өзің тексер» слайд арқылы
4. Ой ширату
«Үндемес » ойыны арқылы балалар берілген өрнектердің мәнін стикерге жазып көрсетеді. Бүкіл сынып қатысады.
5. Көркем жазу
-Балалар, бүгін аптаның қай күні? Жұма, яғни аптаның бесінші күні, демек, біз бүгін бірлігі 5-ке тең болатын екі таңбалы сандарды көркем етіп жазамыз. Жазу ережесі пысықталады.
Барлық оқушы жазып болғанша екі таңбалы сандар өсу, кему ретімен санау дағдысы тексеріледі. Мысалы, 21, 31, 41, 51, 61, 71, 81...; 78, 68, 58, 48, 38, 28, 18
6. Ондықтарды қосу және азайту
Электрондық оқулықтың түсіндірмесі тыңдалады.
7. Бекіту Оқулықпен жұмыс
№ 1 Қалып қойған ондықтарды тап
8. «Адасқан әріптер» ойыны арқылы қосу, азайту амалдары және қосудағы, азайтудағы сандардың атаулары қайталанады.
9. Есеп құрастыру, тақтада жазу
а) Ақботада – 5 асық ә) Ақботада – 5 асық
Димашта – 4 асық Димашта – ?, 4- еуі >
Ш: 5+ 4 = 9 Ш: 5+ 4 = 9
Ж: барлығы 9 асық Ж: Димашта 9 асық бар
10. Толық ондықтармен төрттік мысал құрастыру
30 + 20 = 20 + 30 = 50 - 20 = 50 – 30 =
40 + 30 = 30 + 40 = 70 - 40 = 70 – 30 =
50 + 20 = 20 + 50 = 70 - 20 = 70 – 50 =
60 + 30 = 30 + 60 = 90 - 30 = 90 – 60 =
11. Сергіту сәті «Бурундук биі» қимылын қайталайды.
12. «Қатесін тап» ойыны арқылы есептің шешуіндегі, жауабындағы қателерді табады.
Қыз бала -6 ?, артық
Ер бала – 4
Ш: 6 - 4 = 2
Ж: барлығы 2 қыз дұрысы Ж: 2 қыз бала артық
Болды – 60 тг
Жұмсады – 20 тг
Қалды - ?
Ш: 60 + 20 = 80 дұрысы 60 – 20 = 40
Ж: 40 тг қалды
Ағасы – 30 жаста
Інісі – ?, 10 жас кіші
Ш: 30 – 10 =20
Ж: інісі 20 жас кіші дұрысы Ж: інісі 20 жаста
13. Жұмбақ санды тап
14. Рефлексия, оқушының өзін-өзі бағалауы
Сыныптағы 25 оқушының 14-і «1» деген санды, 10-ы «2» деген санды, тек 1 ғана оқушы «3» деген санды көрсетті.
15. Үйге тапсырма
а) Деңгейлік тапсырмалар
ә) 12-сабақ 2-мысал, 4-тапсырма
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 1.61 Mb |
Количество скачиваний: | 37 |