11-ден 20-ға дейінгі сандарды құру, жазу, оқу, жазу және салыстыру

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Тесты
Автор:

Білімділік мақсаты: оқушыларды 11-ден 20-ға дейінгі екі таңбалы сандардың құрылуы, жазылуы, оқылуымен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: осысандық кесіндіде  сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың  есептеу тәсілдерін қарастыру

Тәрбиелік мақсаты: сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Білімдерін дамыту.

Ø«Қай мысал шешіледі?» ойыны. Мұғалім тақтада жазылған мысалдардың бірінің жауабын көрсетеді.

Ø«Математикалық диктант». Оқушылар есептің жауабын ғана жазады:

-       Көлікте 8 адам келе жатты. Жолда 5 адам түсіп қалды. Көлікте неше адам қалды?

-       Айсәуле 9 жаста, Әзиза 6 жаста. Айсәуле Әзизадан қанша жас үлкен?

-       Жандостың 3 қызыл қарындашы және қызыл қарындаш қанша болса, сонша жасыл қарындашы бар. Жандоста барлығы қанша қарындаш бар?

-       Араның 6 аяғы болады, ал шаянда 4 аяқ артық. Шаянның қанша аяғы бар?

-       Бұтақта 5 қарға отыр. Тағы 2 қарға ұшып келді. Бұтақта барлығы қанша қарға болды?

-       Сұлтанда 6 шар бар. Ол 4 шарды досына сыйлады. Сонда Сұлтанның қанша шары қалды?

-       Құмырады 6 раушангүл бар, ал қалампырдың одан 3-еуі кем. Құмырады қанша қалампыр бар?

-       Ауызша есептеуге 7 логикалық жаттығуды енгізуге болады.

      ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру.

1-жаттығуды санағыштарды пайдаланып орындауға  болады.

Санағыш таяқшаларды санап шығыңдар. 10 таяқшаны басқаша қалай айтуға болады? оқулықтағы суретке қараңдар. 10-ға дейін санай отырып, біз бірліктердің санын атаймыз. Бірінші суретте (екінші және т.б.) қанша бірлік берілген? 1 (2, 3, 4) бірлік қандай цифрмен  белгіленеді? 10 таяқшаны бір бума етіп біріктіріңдер. 10 таяқша – бір ондық. Бір ондықта қаншы бірлік бар?

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 46.65 Kb
Количество скачиваний: 49
Просмотров: 191

Похожие материалы