Здесь была ссылка на работу 12 жылдық білім беру – ел болашағы автора Тастанбеков Өркен Әзімханұлы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. [1; 15] 2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуі басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды. Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына; «Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына», «Қазақстан Республикасында білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына», Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді. Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті – баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады. [2; 48]