Excel-де диаграмма құру

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Күні: 17.04.2014ж Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы:«Excel-де диаграмма құру» Сабақтың мақсаты: Білімділік:оқушыларды Excel-дің негізгі графикалық мүмкіндіктерімен таныстыру және құрылған кестеге диаграмма тұрғызуды үйрету; Дамытушылық: оқушылардың компьютерлік бағдарламалар туралы түсініктерін, электронды кестені қолдану дағдыларын дамыту; Тәрбиелік:оқушыларды біліми белсенділікке, Excel бағдарламасын сауатты пайдалануға тәрбиелеу Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулықтар, практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекіліктер Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу; ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару; б) сабақтың мақсатымен таныстыру ІІ Оқушы білімін жан-жақты тексеру Оқушылардың білімдерін сынау мақсатында сыныпқа төмендегідей сұрақтарды қойып, алдыңғы сабақтарды танысқан материалдарды қайталап өтемін. ІІІ Үй тапсырмасын қорыту ІVЖаңа сабақ Диаграммалармен жұмыс істеу Қазіргі заманғы кестелік процессорлар сүреңсіз статистикалық мәліметтерді бояулы диаграммалармен, графиктермен және графикалық объектілермен (серуттермен, схемалармен) түрлендіруге мүмкіндік береді. Диаграммалар мәліметтерді графикалық ұсыну үшін арналған. Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Диаграммалар келесі типтегідей болып келеді:                        Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды. Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі өсі бар:горизонталь немесе санаттар осі және вертикальнемесе мәндер осі. Көлемдік диаграммаларды әзірлеу кезінде үшінші ось – қатарлар осі үстемеленеді. Диаграммалардың тор, тақырыптар және аңыз (легенда) сияқты элементтері бар. Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін пайдаланылады. Аңыз (легенда) диаграммада ұсынылған мәліметтердің қатарын айырып тануға көмектеседі. Қандайда бір мәліметтердің (бағандардың немесе жолдардың мәндері) негізінде диаграмманы құру үшін диаграмманың таңдалынған типін құруға талап етілетін ұяшықтардың ауқымын көрсету қажет. Ал содан кейін кестелік процессорда бар диаграммалар шеберімен диаграмманы құру керек. Диаграмманың кейбір типтерін мысалда қарастырайық:                                                                                                                                                                                                                        
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 254.16 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 187

Похожие материалы