12 жылдық білім беруде бастауыш сыныпта жеке тұлғаны қалыптастырудағы халықтық педагогиканы қолданудың әдістері
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Баяганова Турсын Исимовна
|
o12 жылдық білім беруде бастауыш сыныпта
· жеке тұлғаны қалыптастырудағы
· халықтық педагогиканы
oқолданудың әдістері
§ Баяганова Т. И.
· Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің
o бастауыш сынып мұғалімі
§ Тұлғаны қалыптастыруда халықтық әдісі қандай да бір жаңа
· Зандылықтар ашудың емес, ой мен идеяны тексерудің сәтті тәжірибеден
· туған құралы, немесе белгілі зандылықтарды нақтылаудың тәсілі қызметін
· атқарды, яғни бұл әдістің көмегімен халық педагогикасында бұрыннан
· белгілі сыни тұрғыда қайта қаралды. Ал әңгімелер халық педагогикасынын
· дамуындағы ең кең тараған бастаулар болды.Тәрбиешілердің бір-бірімен
· әңгімелесулері, ата-анамен, ата-әжемен тәрбиеленушілердің өздерімен
· әңгімелер педакгогиқалық ойланулар үшін қашанда саналуан және құнды
· материал берді және педагогиқалық мәдениеттің биіктеуіне ықпал етті.
· Халық даналары әңгімелерді тәрбиенің озық тәжірибесін таратуда, бақылау
· лары мен жеке сынақтарында және басқа жағдайларда пайдаланды, яғни әң-
· гімелер халдық педагогикасының дамуына ықпал еткен көмекші құрал қыз-
· метін атқарушытәріздес.
§ Халыққа сөзбен әсер етудің сан түрлі тәсілдері белгілі, сезім мен сана
· ға ықпал ету шараларының көптеген түрлері бар. Дәстүрлі бата-тілектер
· әсерлі ықпал етуді көздеді. Әрине шаралар қолдану мен сөзбен әсер етуде,
· халықтық педагогика сезімге ықпал жасау шарттарын естен шығармады.
· Балалар достарына, есейе келе өзіне, үлкен ағаларына, ата-аналарына, ауыл-
· дастарына ант берді. Балалар ортасындағы серттер сөзге, борышка,достық-
· қа берік болу міндеті сипатында болды.Халықтық пікір анттарға байыпты
· қарым-қатынасты ұдайы қолдап отырды. Балалар мен жастар ортасының
· аса тиімді құралдарының келесі бірі-ойындар. Халық педагогикасы олар-
· дың бала өсуі, дамуы мен қалыптасуы факторын көрді. Оның «Бала өсір-
· ген ата-ана бала болып ойнайды, Бала оқытқан ұстаздар бала болып ойлай-
· ды» деді осыдан.
§ Ойындар тек жұбаныш пен уақыт оздыру, сауық-сайран мен балалар
· үшін қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының дене күштерін да-
· мыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар. Мәсе-
· лен, балалар ойындарын этнографиялық және педагокиялық тұрғыдан тал-
· дауға ұмтылған Ә. Диваев талпынысы үлкен ғылыми қызығушылық туғы-
· зады.
o Әрбір және кез келген халықтың педагогиқалық мәдениетінде жетілген
· адам идеясын жүзеге асыруға бейімделген өзіндік табыстары бар.Бұл табыс
· тардың жекелеген кейбіреулері тек тұлғаның бір немесе бірнеше жақтарына
· қатысты болса, ал өзгелері кемелденудің халықтық идеяны жан-жақтыашып
· көрсетеді. Халықтық тәрбиенің демократиялық мәні оның негізі идеялары-
· ның, формаларының, құралдарының және т. б. сабақтастығын қамтамасыз
· етеді.
o Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге сала
· ларымен, сенім-нанымдарымен дәстүрлерімен, салттары және әдеп-ғұрыпта
· рымен, шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажы
· рамас бірлікте алға шығады. Бұл қалыптар орнықты әлеуметтік қатынастар
· жиынтығымен бірге ең ақырында, қоғам мүшелерінің әдеттері мен тәртіпте-
· рін белгілейді, белгілі өмір тәжірибесі сондай-ақ ішкі мақсат пен дағдылан-
· ған әрекеттер тудырып, жеткіншек тұлғасының дамуы мен қалыптасуы жоба
· лайды және бағыттайды. Төменде автор мақалаларымен және балалар мен
· жастар ойындары жайлы баяндалатын өзге де бір қатар шығармалардан мәлі
· меттер берілген.
o А.А.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» мақаласында ер балалар
· мен қыздардың саз балшықтан жануарлардың түрлі мүсіндерін жасау, қуыр-
· шақтарына киім тігу қабілеттері көрсетіліп, «Соқыр теке» «Көк сиыр»
· «Бөрік жасырмақ» т. б. ойындардың мазмұнын ашады. Сондай-ақ «Қырғыз
· жастарының көне ойындары» мақаласында, тойда, айттарда ауыл жастары-
· ның ат жарыстары «Қыз қуу», «Көкпар», «Аударыспақ» т.б. ойындары жай-
· ында мағлұматтар береді. Әрине бұл ойындардың дене тәрбиесінде алатын
· орны өзгеше, әсіресе, спорт саласында.А. Диваев «Қырғыз балаларының
· ойыны» деген еңбегінде ойынның бала тәрбиесіндегі ролін айта келіп, жас
· өспірімдерді негізінен үш топқа бөледі:
· Бір жастан жетіге дейін – нәресте, жеті жастан он бес жасқа дейін боз-
· бала, ал он бестен отызға дейін-жігіт.Осыған орай ойындарды да сәбилер
· ойыны, бозбалалр ойыны және жігіттер ойыны деп негізінен үш топқа бөл-
· ген, Диваевтың ойынды үш топқа бөлгенде біріншісі ежелгі қазақ ойындары
· екіншісі қозғалмалы ойындар, үшіншісі спорт ойындары. Сондай-ақ А.Дива-
· ев мына мәселеге ерекше көңіл бөлген: «бұл жерде менің айтарым, егер қыз
· баланың қолдан жасайтын қуыршақтары мен ер балалардың өздерінің бал-
· шықтан жасап алатын жылқы мен түйе сияқты жануарлар мүсіні болса,қазақ
· тың балалар ойыншығы мүлде жоқ. Бірақ та антрапологиялық көзқараспен
· қарайтын болсақ, олардың осы ұсқынсыз ойыншықтары баланың өзтворче-
· стволық қиялымен туғандықтан құнды болып есептеледі»
o Басқа бір зерттеуші Сәкен Сейфуллин өзі «Біздің ауылда барлық жерде
· әнді де, ертегіні естуге болатын. Кештер, ойын-сауықтар,айтыс жиі ұйымдас
· тырылатын. Бала жастан осы әндер, айтыстар,ошақ қасында естіген осы ерте
· гілер мен аңыздар менің санамда қалып қойдығ»- деп балалар ойындарын
· әндермен, айтыстармен байланыстыра қарастырады. Одан соң жетім қалған
· үйлерді де тігіседі. Ең соңында отау үйлерді қалдырып, аяғын ойын-сауыққа
· айналдырып әкетеді» -деп жазған екен Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» повесінде.
o Х1х ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын Сібірге жер аударыл-
· ған поляк А. Янушкевич өзінің жазып жүрген күнделіктерінде қазақтың
· сауығының халықтық тұрмыс-тіршілімен, әдет-ғұрпымен қоршаған ортамен
· астасып жатқанын таң-тамаша еткенін сөз етеді. «Кешкісін біздің үйде бір
· қызық болды. Ол әртүрлі аңдар мен құстардың, әсіресе түенің, құланның,
· бүркіттің дауысын айнытпай салады. Бұны одан артық айнытпай салу
· ешкімнің қолынан келмейді » -деп таң-тамаша болған.
o Жаңылтпаш ойыны. Бұл ойынды әуелде тілінің мүкісі бар, әр әріпті,
· дыбысы дұрыс айта алмайтын балалар үшін пайдаланған халық педагогика
· сының бір саласы. Кішкене кезіңде «р» -дың орнына «и» дыбысының ау-
· ыстырып айтуға байланысты халық үні,әуені әдемі, өлеңдетіп:
o Дегенде,ей,Тайқарбай, ей, Тайқарбай,
o Қойынды мол жусанға жай, Тайқарбай,
o Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,
o Әй,Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай?
· деп балаларға әр дыбысты өз орындарында айтуға дағдыландыру арқылы
· тіл мүкісін түзетуге көмектескен –ойын түрі. Халық ойнатып отырып, ойла-
· нып сөйлеуге баулыған.
o «Соқыр теке» ойыны. Оның шарты қатысулардың әр қайсысына мал аты
· Қойылады. Ең соңғы аталған бала «Тентек теке» болады:
o Бұзау,бота, құлыншақ
o Тоқты,серке, тай торпақ,
o Тана,тайлақ,құнан,дөнен, бесті бар
o Малдың жасын айыра біл, естіп ал,
o Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бар
o Сүзегенсің, тентек теке,жеке қал.
o Көзін байла, теке-теке «бақ-бақ»
o Соқыр
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 68 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |