176х4 және 704:4 жағдайындағы жазбаша көбейту және бөлу
Предмет:
Начальные классы
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Әбдікерова Гауһар Ажайқызы
Материал 176х4 және 704:4 жағдайындағы жазбаша көбейту және бөлу автора Әбдікерова Гауһар Ажайқызы временно недоступен по запросу правообладателя.
Если вы являетесь автором этой работы, вы можете восстановить публикацию на Uroki.me и сохранить своё имя в каталоге учителей.
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
А) Білімділік: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлудің жағдайларын меңгерту. Көбейту мен бөлудің өз ара кері амалдар екенін тиянақтау, өзара кері есептерді шығаруды жалғастыру, математикалық өрнектерді оқи білуді үйрету. Б) Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту үшін ауызша жазба есептеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту. В) Тәрбиелілігі: Оқушылардың білім деңгейі мен ой-өрісінің жан-жақтылы-ғына, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, қиялын дамытуға әсер ету. Сабақтың типі: Аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте, үлестірмелі материалдар, үнтаспа. 1-тапсырма. Ойын: «Жылдамдылығыңды көрсет», «Рейтинг» әдісі арқылы соңғы жауабын тексеру. 124х3=372 461х5=2305 635х2=1270 372:124=3 2305:461=5 1270:635=2 1-кезең. Математикалық диктант. 1. Қандай санды 7-ге көбейткенде 63 шығады? 2. 8 шығу үшін 72-ні нешеге бөлеміз? 3. Ойлаған санды 8-есе арттырғанда 80 шықты. Ойлаған санды тап. 4. Ойлаған санды 8-ге арттырғанда 80 шықты. Ойлаған санды тап. 5. Мына сандардың арасынан 4-ке бөлінетін сандарды теріп жаз және теңдіктер құрастыр. 20, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 30, 32.