1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Ұжымдастыруға байланысты әр түрлі іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстанның барлық аудандарын қамтыған бұрын-соңды болмаған аштыққа ұшырытты. 1929-1930 жылдардың қысында жұт болды. Астық дайындау жөніндегі төтенше шараларға бейімделу республикадағы жағдайды қиындатып жіберді. 1931 жылы тамызда Қазкрайком жергілікті партия және кеңес ұйымдарына қөшпелі, жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жеделдетіп ұжымдастыру мен оларды отырықшы өмір салтына көшіру жөнінде нұсқау берілді. Мұндай ойластырылмаған тұжырым малшы қазақтардың малды жаппай союы мен көшіп кетуіне себеп болды. Мұның бәрі мал басының апатты түрде қысқаруы мен қазақ шаруалары тіршілігінің нашарлауына себеп болды. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың 1931 жылы – 77508 – і, 1932 жылы – 77674 – і, 1933 жылы – 242208 – і отырықшаландырылды.

Отырықшыландыру барысында қүштеп қуып әкелінген ауылдардан мал өсіруге арналған елді мекендер құрылды. Бұл бір орынға жинастырылған малдың жемшөптің жоқтығынан қырыла бастауына себеп болды. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн мал болса, 1933 жылы 4,5 млн ғана мал қалды.

1928-1932 жылдары Қазақстанда күштеп әрі заңсыз негізде өткізілген ұжымдастыру – іс жүзінде орасан көп адам құрбандығымен қатар жүргізілген қазақ халқына қарсы геноцид еді. Аман қалған 1,5 млн-дай қазақтар Ресейге, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан,, Монғолия, Қытай, Иран, Ауғанстанға қоныс аударды.


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.07 Kb
Количество скачиваний: 39
Просмотров: 214

Похожие материалы