1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Рахимов Ермек Тулегенович
|
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Дінмұхаммед Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Геннадий Васильевич Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.
Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер – қоғамдық - әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өріскел кемшіліктер, ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, оларды күрес жолына түсуге еріксіз алып келеді. Республиканың бірінші басшысының ауыстырылуы пісіп – жетіліп тұрған жаппай наразылықтың ашық қарсылық түрінде көрініс беруіне түрткі болды.
17 желтоқсан күні таңертеңнен бастап Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) адамдар жинала бастады. Оларды дені студент және жұмысшы жастар еді. Жиналғандар ортлықтың кадр саясатын жүргізудегі өктемдігіне нарзылық білдереді..
Фота
Орталық өкілдерінен жергілікті билік органдарымен санасуды талап етті. Лениндік ұлт саясатының өмірлік іс жүзінде дұрыс жүргізілуін, республиканың егемендігін сыйлауды, ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз етуді, жергілікті халық арасынан саяси қайраткерлердің шығуына кедергі келтірмеуді, кадр саясатын әділ жүргізуді, т.б. талап еткен дауыстар естіліп, тарнспаранттар көтерілді.
Алға шығып сөйлеушілер жарияланып жатқан демократиялық пен пікір алуандығына сілтеме жасай отырып, көңілдегілерін айтып қалуға тырысты. Митингіге 200-300 ден аса жастар алаңға жиналды.
Митинг бір қалыпты, тәртіппен өтіп жатты. Республика жоғарғы басшылығының келісімімен милиция мен ішкі әскерлеркүштері алаңды қоршап алды. Алматы гарнизоны бойынша №1 әскери дайындық жарияланды, темір жол вокзалдары, аэропорттар, халықаралық жолдар жабылды. Сағат 11-ден 30 минут кеткенде алаң бос қалды, жастар қала көшелеріне ауысты. Сап түзеген
жастар милиция күштерінің бақылауында болды. Алаңды қоршап, ешкімді де кіргізбеуге және шығармауға бұйрық берілді. Толқу орталығына беттеген жастардың жаңа топтары шепті бұзып өтіп, қақтығыстар басталды. Қазақ КСР-і Ішкі істер министрі Г.Н. Князевтің бұйрығымен қалқан жамылып, кеспелтек таяқтарымен және сапер күрегімен қаруланған салдаттар демонстрацияға жиналғандарды қуа бастады. Ал коммунистік билік иелерінің ұғымына оқиғаның бұлай саяси бағыт алуы мүлдем сыймайтын еді. Шығармашылықпен ойлап, әрекет етуге үйренбеген, идеологияландырылған аппаратшының қатып – семіп қалған логикасы оларды митингіні дереу таратып, қалың бұқара құлақтанбай тұрғанда оқиғаның ізін суытып тастауға итерміледі. Алаңға жиналғандарға партия мен үкімет басшылары танымал адамдарды жіберіп, ақыл айтқызып, таратпақ болған әрекеттерінен нәтиже шықпаған соң, әкімшіл - әміршіл басқару жүйесінің үйреншікті әдістеріне басты Митингіге шыққандар мен тәртіп қорғау органдарының арасындағы қақтығыстар кескілескен айқасқа
айналды. Алаңдағы жастарды қуып шығу үшін өрт сөндіру машиналары мен арнаулы құралдар орнатылған машиналар пайдаланылды. Ереуілшілдерді жазалау басталды. Олардың қолға түскендерін арнайы қабылдау орындарына, тергеу аластағыштарына, ақпаратты есептеу жүйесі үйлеріне орналастырылды. Шерушілерге қарсы сапер күректері, үйретілген иттер, өрт сөндіруші машиналар, брондытранспортерлер іске қосылды. Кезекті операциядан кейін ұсталған жігіттер мен қыздар қақаған аязда бірнеші сағат бойы қар үстіне жатқызылды, қаладан алысқа апарылып, жұқа су киімдерімен түнгі аяз ызғарында ұсталды.
Бейбіт шеру күштеп басылғанынан кейін, аса қатыгездікпен және мейірімсіздікпен жаппай жазалау басталды. Оқиғаға қатысқа бірнеше адамдар мерт болды. Олардың арасынан жалынды жас демократ Қайрат Рысқұлбековтің бейнесі Қазақстан жастарының еркіндік күресінің рәзіміндей ерекше көзге ілікті.
Қайрат Рұсқұлбеков –
жүрегінде намыс алауы лапылдаған жігерлі жас, жалынды ақын еді. Оған «Жасақшы С.Савицкийді өлтірді» деген айып тағылды. Шындығында , С.Савицкийдің өлімі кезінде Қайрат Рысқұлбеков қаланың басқа ауданында жүрген еді. Жоғарыдан жасақшыны өлтірген адамды тез арада табу керек деген жарлық түсті. Жарлықты орындаушылар марапат үшін бұрыннан істеп жүрген жеңіл әдеттеріне басып, сол өлімді Қайраттың мойынына арта салды. Олардың қолдан ұйымдастырған дәлелдерінің ақсап жатқанына, Қайраттың шындықты айтып шырылдағанына құлақ асқан пенде болмады. Құқық қорғау жүйесінің 5 қызметкері «кісі өлтірушіні тез тапқаны үшін» марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Жиырма жастағы Қайраттың болған оқиғаны баяндауы.
1988 жылы 21 мамырда үй – ішіне жолдаған соңғы хатында Қайрат «Иә мен сіздерден еш жасырмаймын, мен 18 желтоқсан 1986 жылы алаңға бардым. Барғанда да Қонаевтың күйін күйттеп барған жоқпын. Тек қана ол жерге барған себебім, бар мақсатым, біріншіден, ол жерде не болып, не істеп, не қойып жатқанын өз басым, көзіммен көру болды, - деп жазды. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып – соғып, өлтіріп жатыр дегенді елден нстіген соң, өз басым қолымды жайып «кұл болмасаң тұл бол» деп отыруға еркектік ар – намысым жетпеді. Ер ққатарында , ар қара боп, саны бар, сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспін. Құдайға шүкіршілік, кеудемде нағыз ерге лайық намыс баршылық. Оның үстіне, «қыздың жолы жіңішке» деген. Менің түсінігімше әйел адамға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың – хайуандардың еркегі де – ұрғашысына мүйіз, я болмаса тұяқ көтермейді. Ал, біз – бәріміз де аң емес, адамзаттың ұлы – адамбыз. Міне қысқаша айтқанда, осындай түсінікпен, әйел затына ер олып, өз қол ұшымды беріп көмектесуге, оларды арашалап қорғау үшін барғаным рас. Бірақ та құдай куә, адам баласын өлтіргенім жоқ. Ал, әйел затына айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, көкпарша сүйрелегені үшін бір милицияны ұрып – соққаным рас».
Жаппай жазалау.
Қайрат Рысқұлбековтың өлім жазасына кесілуі дүние жүзілік қауымдастықтың наразылығын тудырды. Чехословакияның, Польшаның, Венгрияның, АҚШ-тың қоғам қайраткерлерінен, зиялыларынан бұл үкімге қарсылық хаттары келіп түсіп жатты. Абақтыда азап шеккен Қайрат ақыры жұмбақ жағдайда қаза тапты.
Республикалық мемлкеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 17-18 желтоқсан күндері кино және телекамералармен түсірілген материалдар бойынша шеруге қатысқандардың суреттері шығарылды. Сол суреттер бойынша астананың барлық оқу орындары мен еңбек ұжымдарында «қылмыстыларды» іздеу басталды. Бұл науқан бірнеше айға созылды. Сол кезде бүкіл республикада Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға деген аса ауыр психологиялық ахуал қалыптасты.
Кейін анықталғандай, коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен «Бұрқасын 86» деген құпия жедел жоспар жасалған болып шықты. Ол жоспар бойынша билік иелері кез – келген уақытта оқиғаны өздеріне қажетті арнаға бейімдеп, жастарға «қылмыстық» немесе «ұлтшылдық» деп айдар тағылып, арандатушылық бағытқа бұрып жіберуі мүмкіндік алды. «Бұрқасын» жоспары кейіннен әдейі құртылып жіберілген.
Желтоқсан оқиғалары - Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды. Сондықтан да оның жүгі ауыр, шығыны көп болды.
1987 жылғы шілде - КОКП Орталық Комитеті «Қазақ Республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары туралы» қаулы қабылдады. Желтоқсан оқиғалары – «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағаланды.
Көпшілікің табандылықпен талап етуінен кейін қаулыдағы «қазақ ұлтшылдығы» деген айып қате деп мойындалды.
1989 жылғы мамыр - маусым – КСРО халық депутаттарының 1 съезінде дарынды ақын М.Шаханов Желтоқсан оқиғаларына әділ баға беруде талап етті.
Желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөніндегі комиссия құрылды (төрағасы КСРО халық депутаты, ақын Мұхтар Шаханов).
1990 жылғы 24 қыркүйек – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының қаулысында бейбіт және сан жағынан аз наразылық демонстрацияның жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетуінің себебі көрсетілді. Ол себептер:
· Республика басшыларының саяси дәрменсіздігі, қиын жағдайдан бейбіт жолмен шыға алмағандығы.
· Басшылардың күшке арқа сүйегендігі.
1991 жылғы желтоқсан – «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылғаназаматтарды ақтау жөнінде» Н.Ә.Назрбаевтың жарлығы.Онда:
· Жауапкершілікке тартылған жастарды ақтау.
· Ішкі істер бөлімінің әскери қызметкерлері мен құқық қорғау орындары қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау жөніндегі жарлықтың күшін жою ұсынылды.
17 желтоқсан Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.
Желтоқсан толқуының тарихи маңызы:
· Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты.
· Бүкіл кеңес Ожағына еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді
Ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр
Сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайраты,
Жас өркені халқымның
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 254 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |