2сынып, Сабақ жоспары жылдық

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

                                                       Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау

Пәні:          қазақ тілі

Сыныбы:   2 -сынып

I жартыжылдықтағы сағат саны:     32

II жартыжылдықтағы сағат саны:    36

Апталық  сағат саны:                        2

Барлық  сағат саны:                        68

Жоспарланған бақылау жұмыстарының саны: 

а) диктант :   12

 

 

 

 

Жоспарлау ҚР БҒМ   2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының    орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы  жүзеге асырылды.

 

 

 

 

Түсініктеме хат.

                    Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы  27 қарашадағы  № 471  бұйрығына  сәйкес 

2 сыныптарда  қазақ тілі аптасына 2 сағат жүргізіледі.

Оқулық авторы: А.Қайырбекова.  Алматы «Атамұра» баспасы , 2013 жыл, 3-баспа.

2-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары және «Атамұра»  баспасы шығарған оқулыққа сүйеніп жасалды.

Оқу орыс тілінде  жүретін мектептерде егеменді еліміздің мемлекеттік тілі-қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр.

Сондықтан қазақ тілін оқытудың негізгі міндеті мен мақсаты: оқушыларды қазақша сөйлету болып табылады.

Бағдарламаның басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын қазақ тілінде сөйлей білуге үйрету, сөздік қорын дамыту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, өзіне берілген сұрақты тыңдап, түсініп, қысқа жауап беруге белгілі бір дәрежеде жүйелі сөйлей білуге, диалог түрінде әңгімелесе білуге үйрету.

Бағдарламаның мақсатын  іске асыру жолдары:

  1. Дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы ұғымдарды біртіндеп меңгерту.

2. Сөз құрап тұрған дыбыстарды, дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке болып бөлінетінін тиісті көрнекілік, ойын- жаттығуларын орындату арқылы меңгерту.

3. Үлестірмелі карточкаларды қолданып сөйлем, сөз, буын құрату.

4. Балаларға қоғамдық өмір құбылысы, адамгершілік, еңбек әрекетін, халықтар достығы туралы білімдерін қалыптастыру. Ол үшін қысқа өлең-тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, шағын әңгіме, ертегі оқып, тыңдату, әңгімелету.

5.Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, туған еліне, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу.

Бағдарлама 2 сыныпқа аптасына 2 сағат бөлінген. Барлығы 68  сағат.

І аяда «Әлеуметтік – тұрмыстық ая»– 6 модуль, 32 тақырып. І модульде «Мен және менің отбасым» 5 тақырып, ІІ модульде «Менің қазақ достарым» - 5 тақырып, ІІІ модульде « Менің киімім. Сырт киімдер. Дене мүшелері» – 6 тақырып. «Үй жануарлары: қой) қозы, сиыр) бұзау, жылқы) құлын . Менің күшігім/ мысығым» – 5 с. «Менің сүйікті ісім» - 6 с. «Менің сүйікті ойыншығым» - 5 с.

ІІ аяда «Әлеуметтік- мәдени ая»– 3 модуль, 16 тақырып. І модульде «Менің демалыс күнім. Жүр, Думанға, барамыз» - 6 с., ІІ модульде «Менің көшем» - 5 с., ІІІ модульде – «Тазалықты сақтайық» - 5 с.

ІІІ аяда  «Оқу-еңбек аясы»– 3 модуль. 20  тақырып. І модульде «Апта аттары» - 7 с., ІІ модульде « Менің оқу-құрал жабдықтарым » - 7 с., ІІІ модульде «Дүкенге барамыз» - 6 с.

Оқу жылы барысында 12 диктант өткізіледі (1- 4 тоқсанда.)

Бағдарламада оқушылардың логикалық ақыл-ойын, эмоциялық  еркін зейінін, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатымен қосымша бөлімінде  жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, санамақтар, сөзжұмбақтар берілген.

 

Білім беру жүйесінің  жаңа әдісі – модульдік жүйе арқылы қазақ тілін үйрету оқушының тілдік білімі мен бейімін қатар қалыптастырып, қызықтырып оқыту, қарапайымнан күрделіге жетелейтін қазақ тілін үйретіп оқыту, яғни қарым-қатынас деңгейіне жеткізу мақсаты қойылған.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 235 Kb
Количество скачиваний: 135
Просмотров: 417

Похожие материалы