3-сыныпқа арналған тәрбие сағаты «Ана - өмірдің шуағы»
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Калижанова Айнагуль Рамазановна
|
3-сыныпқа арналған тәрбие сағаты «Ана - өмірдің шуағы»
Мақсаты: оқушыларға 8 Наурыз туралы түсінік беру. Балаларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу,ана еңбегін ардақтап, құрметтей білеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі : «Бақытты балалық шақ» сурет альбом қабырға газеті, мақал-мәтелдер.Гүлдер суреті.
Әдісі: сұрақ-жауап, проблемалық,түсіндіру
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі а) сәлемдесу,оқушыларды сап түзеп тұрғызу.
2. Кіріспе бөлім
Біз ғана емес,
Қадыр тұтқан балалар,
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген-тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар!
Адам бойындағы барлық жақсылық күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі апалар , қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана-өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағатын сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
1-оқушы.
Сенен өскен балалар,
Сенен өскен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
2-оқушы.
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп-ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
3-оқушы.
Жүре берсем қасыңда
Әйбәт анам,қуанам.
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
-8 наурыз-халықаралық әйелдер күні.Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей.Өйткені көктем секілді,әйелдер де адамзатқа өмір,жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
4-оқушы.
Қуаныштың, ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Ағартпасын тентектер
Бір ананың самайын.
5-оқушы.
Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді,міне, ер жеттік
Жүректерде биік мақсат, көп арман.
Хор: «Құттықтаймын,мама, туған күніңмен»
Би:қазақ биі.
-Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде,әр үйінде мейірім мен қуаныштың,достық пен туыстықтың туын тіккен адам!
6-оқушы.
Менің әжем,бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем.
7-оқушы.
Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Ән: «Ақ мамам»
-«Ана» сөзі әрбір халықтың тілінде бар.Барлық тілде де бұл қасиетті сөз,нәзік,мейірімді,жылы естіледі.
8-оқушы.
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
9-оқушы.
Ана десем,теңіз болып шалқыған,
Ана десем,алғыс алам халқымнан.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Ән «Апатайым,анашым»
10-оқушы.
Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ,көңілі,
Күн шуақты сиялы.
11-оқушы.
Мейірлі анам-күн нұры,
Шапағы мол шашылған.
Сен-өмірдің бұлбұлы,
Гүлің менмін ашылған.
1-оқушы.
Мен үшін не керек-
Бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым,
Жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде,
Шын сағынып қаласың.
2-оқушы.
Айналайын анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
3-оқушы.
Дүниеде ең кемеңгер даналы,
Ана табады,аялайды,бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы.
4-оқушы.
Жүзімізге қарасаңыз,
Біз бақытты баламыз.
Бізге қымбат құшағыңыз,
Бізге қымбат анамыз.
5-оқушы.
Құтты болсын,ардақты анам,
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын жадыраған,
Қуанышты мерекең.
Ән «Анашым»
6-оқушы.
Сыймаған өмір сендерге,
Қастерле ананы ардақта.
Жүрекпен терең сезіне,
Қадірлей біл әр уақытта.
7-оқушы.
Қайтсек,ана ақталады ақ үмітің,
Жатыр менің жүрегімде жақсы ісің.
Өмір бойы өтеп өтсем болғаны,
Анашымның маған берген мол күнін.
8-оқушы.
Ар ұятты ешқашан сатпа дейсің,
Тас атқанға қайта тас атпа дейсің.
Ала жібін аттама ешбір жанның,
Жаман атқа,боташым,батпа дейсің.
9-оқушы.
Кемеңгерсің,данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
10-оқушы.
Жамандықтан жиреніп,
Жақсылыққа бастаған.
Ұзақ болсын ғұмырың,
Асыл адам,жақсы адам.
11-оқушы.
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Қорытынды. Құттықтау сөзі.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 38 Kb |
Количество скачиваний: | 228 |