4-сынып оқушыларына арналған математика пәнінен тест жұмыстары
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Бимембетова Кумис Туякбаевна
|
Математика пәнінен 4-сыныпқа тест I-нұсқа
1. Ересек адамның жүрегі 1 минутта 5 л қан айналдырса, 1 сағатта неше литр қан айналдырады. 1 тәулікте ше?
А) 200л, 4800л В) 300л,7200л С)400л, 9600л Д) 500л,12000л
2. 7 рет жуған соң сабынның ұзындығы ,ені және биіктігі екі есе кішірейді. Сабынның қалған бөлігімен неше рет кір жууға болады?
А) 5рет В) 1 рет С) 2рет Д) 3 рет
3. 9222:174+25 × (675-в)-2301:177 мұндағы в=249
А)10600 В) 50650 С)10690 Д)10960
4. Тік төртбұрыштың қабырғалары 16 см және 5 см-ге тең болса, ауданының екіден бір бөлігі нешеге тең?
А) 20см2 В) 40см2 С) 21см2 Д)80см2
5. Бала үй тапсырмасын 1 сағ 20 минутта орындады. Барлық уақыттың ¼ бөлігінде ол тақпақ жаттады. Ол тақпақты неше минутта жаттады?
А)20 минутта В) 30минутта С)50 минутта Д)40 минутта
6.(744698-21707)×3-297863 өрнегінің мәнін тап
А) 240997 В) 2168973 С)722991 Д)1871110
7. Тіктөртбұрыш пішінді бақшаның ауданы 1 га 35 ар, ал оның ені 90 м. Бақшаның ұзындығын тап.
А) 150м В)143 м С) 500м Д)1430м
8. Өлшемі 4 м, 28 м, 12 м тік бұрышты параллелепипед пішінді бассейндегі судың көлемін тап.
А)1200м3 В)1244 м3 С)1344м3 Д) 1354м3
9. 1 қараторғай балапаны 3 айда 8 мың жәндік жейді. Ұяда 5 балапан болса, неше жәндік жейді? 5 ұядағы балапандар неше жәндік жейді?
А) 40000, 200000 В)10000, 370000 С)2000, 200000 Д)200, 30000
10. Теңдеуді шеш: 630: х =1370-1300
А)309 В) 60 С) 9 Д)390
11. Бөшкеге суды толтырғанда 3170 кг болды, ал суға жартылай толтырса 1870 кг болады. Сонда бөшкенің өз салмағы қанша?
А) 1300 В) 730 С) 2600 Д) 570
12. Ауылдан бір мезгілде қалаға қарай автобус пен жеңіл машина жолға шықты. 3 сағаттан кейін олардың арақашықтығы 75 км болды. Жеңіл машинаның жылдамдығы 85 км/сағ болса,автобус қандай жылдамдықпен жүрген?
А) 75 км/сағ В) 110 км/сағ С) 60 км/сағ Д) 70 км/сағ
13. 1 тоқылдақ күніне 900 жәндік жесе, 1 айда неше жәндік жейді?
А) 3000 В) 270 С)30000 Д)27000
14. Өрнектің мәнін тап: 22987-308×72:44+(932748-19809)
А) 22483 В) 912939 С)504 Д)935422
15. Жер телімінің ауданы 156м2, ені 12 м. Оның периметрін тап.
А) 70м В)50м С)60м Д)80м
16. Екі ұшақ бірдей жылдамдықпен ұшты. Ұшақтардың бірі әуеде 6сағат, екіншісі 9 сағат болды және біріншісінен 2400 км артық ұшты. Ұшақтар бірінен-бірі қарама-қарсы екі бағытқа ұшқан болса, қазір олардың арақашықтығы қандай?
А)120км В)12000км С) 210км Д)21000км
17. Тік бұрышты параллелепипед тәріздес су қоймасының ұзындығы 38 м, ені 15 м, ал көлемі 1710м3. Су қоймасының тереңдігін тап.
А)570м В) 30м С)5м Д)3м
18. Саят кітаптың 24 бетін оқығанда, Торғын кітап оқуды жаңа бастады. Торғын бір күнде 18 бет оқи алады, ал Саят 12 бет оқи алады. Неше күннен кейін қуып жетеді?
А) 4 В) 6 С) 8 Д) 5
19. Теңдеуді шеш: 14400: (270-х)+520=680
А) 180 В)160 С)90 Д)1800
20. А пунктінен В пунктіне қарай 23 км/сағ жылдамдықпен велосипедші шықты. Онымен бір мезгілде В пунктіне қарай 19 км/сағ жылдамдықпен екінші велосипедші шықты. Біріншісі В пунктіне келгенде, екіншісіне әлі де жүруге тиісті 24 км жол қалды. Екі пункттің арасы қандай?
А)124 км В) 114км С) 252км Д)138км
21. Сүтке толған бидонның массасы 32 кг, сүтсіз салмағы 2кг . Сүтке жартылай толған бидонның салмағы қандай?
А) 15 кг В) 17кг С) 34 кг Д) 64кг
22. Оқушы бір сан жасырды. Ол саннан 27 азайтса, содан кейін айырманы 2-ге көбейтті, сонда 144-ке тең сан шықты. Оқушы қандай сан жасырды?
А)104 В) 72 С) 99 Д)135
23. Ұзындығы 8м, ені одан 2 есе қысқа, ал биіктігі енінің ½ бөлігін құрайтын бөлменің көлемін есепте:
А) 32м3 В) 64м3 С)60м3 Д)16м3
24. Әрбір келесі цифры алдыңғысынан 2 есе артық болатын үш таңбалы бірнеше сан жаз. Осындай неше сан жазып көрсетуге болады?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) шексіз
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 34.72 Kb |
Количество скачиваний: | 86 |