4-сыныпқа арналған "Табиғат - біздің үйіміз" арнайы курсының бағдарламасы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Білім беру мекемесінің атауы:     С.Сатыбалдин атындағы жалпы білім

                                                         беретін орта мектеп

 

Бағдарламаны қайда, қашан,        ПМБАИ әдістемелік кабинетінің әдіскері

                                 кім бекітті:     Б.С.Боранбаева

 

Курстың атауы:                              «Табиғат – біздің үйіміз»

 

Бағдарламаны оқытуды

                     көзделген сынып:      4

 

Бағдарлама авторының                 Иманова Айжан Калиоллаевна

                аты-жөні, лауазымы:     бастауыш сынып мұғалімі

 

Қала, елді мекеннің атауы:           Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы

 

Бағдарлама әзірленген жыл:         2012-2013 оқу жылы

 

 Түсінік хат.

       «Табиғат- біздің үйіміз» арнайы курс бағдарламасы жалпыға міндетті білім стандартына және жалпы білім беретін  мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.

      Арнайы курс мақсаты – оқушыларға биология, география, жануартану, өсімдіктану, тарих, математика, астрономия ғылымдарының негізі бойынша білім беру. Қарастырылатын тақырыптар мен проблемаларды өзара байланыстыра қарастыруға, ойша және іс жүзінде қарапайым эксперимент жасауға, күрделі мәселелер  жайлы алған білімдерін пайдалана отырып, өз беттерінше ізденуге бағыттау.

     Курс ерекшелігі – құрастырылған тараулар мен тақырыптар өзара тығыз байланысты. Қарапайымнан күрделіге бағытталған білім беру қарастырылған. Әр тіршілік ету ортасының бір-бірімен байланысын, олардың адам өміріндегі маңызын және күнделікті өмірмен байланысын оқып-үйренуге жағдай жасалған.

     Курстың көкейкестілігі – қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өмір талаптарына сай оқушылардың жан-жақты ғылым негіздерін өмірде іске асыруға, өз орындарын табуға икемдеу.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 95 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 137

Похожие материалы