Здесь была ссылка на работу 5 саны және цифры автора Байдулла Молдир Ерманкызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Қоғам жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байдуллаева Ақнұр Сабақтың тақыры: 5 саны және цифры. Бесбұрыш Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балаларды 5 санының құрылуымен, 5 цифрының жазылуымен және құрамымен таныстыру. Оқушылар бесбұрыш және оның белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру. Дамтыушылық: Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту ауызша есептеуге дағдыландыру, көркем жазуға үйрету. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, қалталы палатка, кеспе цифрлар, үлестірме материалдары. Әдісі: сұрақ-жауап, ойын жаттығу. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Өткен сабақты қорытындылау. «Неше рет?» ойынын ойнату. Мақсаты: заттар мен құбылыстарды санау дағдыларын бекіту. Шарты: Мұғалім қол шапалақтайды балаларсоған сәйкес цифр жазылған карточканы көрсетеді. ІІІ. Жаңа сабақ. а) Психологиялық дайындық. Оң қолымда 5 саусақ, Сол қолымда 5 саусақ. Қосып едім екеуін, Балып шықты 10 саусақ ә) 5 саны мен цифрымен таныстыру. Қалталы полотноға дөңгелекшелерді салып, мысалдар келтіру. 4+1=5 2+3=5 1+4=5 3+2=5 5-4=1 5-2=3 5-1=4 5-3=2 5 санының құрамымен таныстыру. Балаларға 1 см-ден 5 см-ге дейінгі ұзындықтағы кесінділерді беріп, оларға көз мөлшерімен өлшемін жазуды тапсыру. Содан кейін көрсетілген карточкаларын алмасады да, кесінділерді сызғышпен өлшейді. Кім кесінділерді көзімен дәл өлшесе, сол жеңімпаз аталады б) Дәптермен жұмыс. 5 цифрын жазғызу в) № 2 Сандар құрамын анықтау. г) № 3 Тура және кері санату. 1 2 3 4 5 5 4 3 2 1 ІҮ. Сергіту сәті. Пеш үстінде 5 мысық, пеш түбінде 5 мысық. 5 күн бойы жаттығып, 5 балапан кетті ұшіп. ғ) № 4 Фигуралардың бұрыштарын санату, қабырғаларын санату. Бесбұрыштар Дәптердегі тапсырманы орындайды. д) Балаларды 3 топқа бөлу тапсырманы орындату, 4 санының құрамын анықтау. 1 2 3 1 2 3 Ү. Қорытынды: Қалталы полотноға екі түстегі геометриялық фигураларды қойып, оның ішінен тек бесбұрыштарды тапқызамын қалған фигураларды екі толқа бөлгіземін. Балаларды мақтап – мадақтау.