5 саны мен цифры.5-санының жасалуы.Тура және кері санау.

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Мақсаты: 5 саны мен цифрымен таныстыру. 5 санының пайда болуы және құрамын анықтау. 5цифрын жаза білуге үйрету, тура және кері санай білуге үйрету.Көрнекілігі: Интерактифті тақта, үлестірмелі материалдар, цифрлар, суреттер.Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.Түрі: Саяхат сабақ- Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келген екен.Қонақтармен амандасайық!Ал енді шеңберге тұрып, көңіл күйімізді көтерейік.Амансың ба, алтын күн,Амансың ба, көк аспан,Амансың ба, достарым,Амансың ба, қонақтар,Сабағымызды бастаймыз,Жамандықты тастаймыз.Балалар амандасады.Балалар көтеріңкі күйде қимыл-қозғалыс жасап, бір-біріне сәлем береді.Ұйымдастыру- Балалар қандай ертегілер білесіңдер.Ертегіні әңгімелеу.«Мақта қыз бен мысық«ертегісіне саяхатқа шығатындарын хабарлау.Өздері білетін ертегілерін айтты.Саяхатқа шығатындарына қуанды.Өткен сабақты еске түсіру.0-ден 4-ке дейін сандарды қайталауТура және кері санадыСандарға байланысты тақпақ айту.Тақпақтарын айтты.Жаңа сабақты хабарлау.5 саны және цифрымен таныстыру.5 санмен танысты.Тура және кері санау.Тура және кері санап үйренді.5 санына тақпақ жаттау.Төрттен кейін бесті,Білу оңай десті.Санашы бір қолыңның саусағын,Оңай табасың бесті.Дәптермен жұмыс.5 цифрын жазу.5 цифрын жазды.Сергіту сәті:Сағаттың тіліндей,Иіліп оңға бір,Сағаттың тіліндей,Иіліп солға бір,Оң аяқ, сол аяқ,Жаттығу оңай-ақ.Сергіту сәтін қимылмен орындады.1-тапсырма:Қолғаптардың сыңарын тап.Қолғаптардың сыңарын тапты2-тапсырма:Құмырсқаның таңқурайға, жұлдызқұрттың шиеге жетуіне көмектес.Көмектесті.3-тапсырма:Бос орынға тиісті пішінді сал.Тиісті пішіндерді салды.4-тапсырма:Көршісін тап.Сандардың көршісін тапты.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.36 Kb
Количество скачиваний: 83
Просмотров: 227

Похожие материалы