5 санын қосу және азайту

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Пән: математика
Сабақтың тақырыбы: 5 санына қосу және азайту
Сабақтың  мақсаты:
1. Білімділік:5 санын екі санның қосындысы түрінде жазу,кез келген 5 санынан кем санды 5-ке дейін толықтыру,5 санының құрамын пайдаланып,мәні 5-ке тең қосындыны оған кері айырма құрастыру
2. Оқушылардың ойлану ,есте сақтау қабілетін дамыту және еркін сөйлеуге дағдыландыру.
3. Ақыл ой белсенділігін күшейту,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау
Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ойындар, суреттер.

Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсаты мен міндетін хабарлау.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.

-Балалар бүгін өте ерекше күн.Себебі біздің сабағымызға қатысу үшін ,қонақтар келіп отыр.Олай болса алдымен қонақтармен сәлемдесейік.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Баршаңызға біз

Математиканы –Абай атамыз ғылымдар патшасы деген екен.Яғни математиканы білсек барлығын да біледі екенбіз.
Психологиялық дайындық:

Сыңғырлайды қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Орнымызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз

ІІ. Математика сабағында қандай ережені білеміз еске түсіру

1 - ереже: Сабақта бір - бірімізді тыңдаймыз!
2 - ереже: Математика пәні нақты ғылымдар болғандықтан нақты, дәл жауап береміз!
3 - ереже: Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз!
4 - ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
- Ал, енді қандай баға алатындарыңды айтыңдаршы?
Біз білімді баламыз,
Күнде бестік аламыз.
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаңа сабақ бастаймыз.
Біз баламыз.
Бүгін неше аламыз?
Бір керегі жоқ,
Екі керегі жоқ,
Үш керегі жоқ,
Төрт орташа,
Бес тамаша!

 Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Бес санын қосу және азайту деп аталады. Сабақ барысында сендердің  тапсырмаларды  орындауларыңа байланысты мынадай дөңгелектер үлестіремін. Кім қызыл түсті дөңгелек көп жинаса ол бала бес алады,көк түсті ол төрт,сары түсті  ол үш.Сабақта жақсы жауап беріп, белсене қатысып бүгін сендер тек 5 пен 4-ке ғана жауап бересіңдер деп ойлаймын. Енді сабаққа кірісейік

ІІІ Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс.Балалар сендер білесіңдер ме қазір қай елде қысқы спорттық ойын түрлері өткізіліп жатыр? Сочиде. Счиге біздің Қазақстаннан да қатысушылар кетті. Оның бірі  Денис    Тен  ІІІ орын ,қола медальге ие болды.Сендер де  өскенде үлкен атақты спортшы болғыларың келеді ме.Ол үшін біз сендермен спорттың түрлерін білуіміз керек.Бүгін біз сендермен қысқы спорт түрлерімен таныса отыра тапсырмалар орындаймыз.

Экранға назар аударыңдар қандай спорттың түрі деп ойлайсыңдар.

 

1.     Коньки тебу спорты (конькиағылшынша скейт)
Конькимен жүгіру-бұл дене жаттығуының түрі, бұл жаттығуды адам мұз бетінде арнайы дайындалған құралда, аяқ киімге бекітілген конькимен сырғиды.

Тапсырма :

1 аптада неше күн?

Апта атауларын ата

Аптаның бесінші күні қалай аталады?

Көршілерін ата.

2.     Мәнерлеп сырғанау (фигурное катание,фигә скейтиң)
Мәнерлеп сырғанау-спорттың қысқы түрі, спортшылар конькимен мұз үстінде қосымша элементтер жасайды, әсіресе музыкамен бірге. Мәнерлеп сырғанау Қысқы Олимпиядалық Ойындарының бағдарламасына енгізілген.
Сырғанаушылар әр-түрлі шоуларға жие қатысады, олардың шеберліктерін төрешілер емес, көрермендер бағалайды.Келесі тапсырмаға назар аударайық

1.Келесі тапсырма «Үндемес»ойыны қолдарыңа сандар тізбегін алып көрсету
 2.Өрнектер құрастыру

3,7,4;       5,2,3;

тақтада жазып көрсетеді,

 Қосылғыштардың орындарын ауыстырып жазу.Ережеге тоқталу, компоненттерін айту

Жеке 3-оқушыға тапсырма

5.Хоккей спорт түрі,хоккии

              Жұмбақ

   Хоккей — қақпалар орнатылған арнайы алаңда таяқпен, доп не шайбамен ойналатын командалық спорт түрі. Ойын жазда көгалда доппен, қыста шайба және доппен мұз үстінде өтеді; қара Допты хоккей, Көгалдағы хоккей, Шайбалы хоккей. Хоккей құрама командасында кем дегенде 18 ойыншыдан келеді.

ІVЖаңа сабақ:

Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналам

Алдым үзіп екеуін

Тағы да алдым үшеуін

Алдым сонда нешеуін? (5)

5сану туралы ұғымдар көп,5 саны киелі сан,5 бірліктен тұрады,5 саусағымыз бар,елтаңбада бес жұлдыз бар,бестік баға,адамда бес парыз болады.Бүгін біз сендермен 5 санын қосу және азайту деген тақырыппен танысатынымыз жайлы тағы айтып өтейін.

              Дәптерімізді ашайық,
              Салақтықтан қашайық.
              Қолға қалам алайық,
              Көркем етіп жазайық.

5 санын жазу,үш элементтен тұрады,жоғарыдан төмен қысқа таяқша,жартылай дөңгелек ,қысқа таяқшасын жазамыз

Оқулықпен жұмыс №1 тапсырманы жұппен орындау( қағаздар үлестіру) 3-4 жұптан тексеру тақтада дұрыс жауаптарын көрсету

 

         Сергіту сәті:

                  Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық, екеуміз.

Бас бармағым - папам,

Балаң үйрек - апам.

Ортан терек - ағам

Шылдыр шүмек -  мен

Титтей бөбек - сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

                                  Шорт-трек( шот трек)
Шорт-трек (ағылшын тілінде. Short track speed skating, орыс. Қысқа соқпақта конькимен жылдамдық жүгіріс)-коньки тебу спортының формасы.  Шорт-трек (ағыл. Short track-қысқа соқпақ), хоккей алаңы ішінде жарыстық арақашықтықты тез иелену үшін конькимен жылдам жүгірудің түрі. Шорт-трек Канадада 20 ғасырда пайда болды.

                           

                   Тапсырма

Спорт алаңында  7 ұл және 3 қыз  бала сырғанақ теуіп жүр.Ұл балалардың қыз балалардан қаншасы артық?

Спорт алаңында 7 ұл және 3 қызбала сырғанақ теуіп жүр.Барлығы қанша бала сырғанақ теуіп жүр?

Оқулықпен жұмыс

№5 тапсырма дәптерге 1 оқушы тақтада орындайды

 

 

Жұмбақ

Екі аяғыма байладым

Қос таяқпен айдадым

 

 

 

3.     Шаңғы жарысы (ски)
Шаңғы жарысы-Қазақстандағы спорттың кең таралған түрінің бірі.
Көпшілікке әйгілі болып жүрген спорт түрінің бірі әр түрлі ара қашықтықтағы шаңғы жарысы болып табылады. Спорттың осы түрімен айналысу дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады, қозғалыс әрекеттегі бірінші орын алады. 



VІ“Кім жылдам?”

Екі баланың аяғы нешеу?

Үш сиырдың мүйізі нешеу?

Төрт қойдың басы нешеу?

Екі мысықтың құлағы нешеу?

Үш адамның қолы нешеу?


VІІ. Биатлон спорттық жарыс.Биатлон жайлы мәлімет

4.      4-2= с,  5+3=п, 10-7=о, 2+2=р  9-4=т

VІІІ.Біз де бүгін қысқы спорт түрлерімен танысу арқылы сабақтың қорытындысыны да жеттік

Спорттың қандай пайдасы бар?Қандай қысқы спорттың түрлерін білдік?

 

ІХ.Үйге тапсырма:

              №4 126 бет

Жасыл және көк кесінділердің ұзындықтарының айырмасын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр
Бағалау:
«5» - бәрекелді,
«4» - шіркін,
«3» - әттең

 

Х .Рефлексия көңіл кйлерін көрсету

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.42 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 105

Похожие материалы