6"в" сыныбы "Тәрбие жоспары" 2014-15 оқу жылына арналған
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кенжебаева Альфия Владимировна
|
2014-2015 оқу жылындағы І жарты жылдықтың атқарылған тәрбиелік жұмыстарына сипаттама
Сыныпта 23 оқушы,олардың 7-і ұл,16-і қыз балалар.
Сыныптың оқушылары қабілетті, ұғымтал, тәрбиеге икемді, денсаулықтары жақсы. Сыныбымызға қараша айында 1 оқушы келді, қыз бала, Аубекерова Мира. Әлеуметтік жағдайы орташа. Бұл бала анасының жұмысы айдамалы болғандықтан, туған ағасының үйінде, Абай 28 көшесінде жалдамалы баспанада тұрып жатыр. Мектеп психологы Ахметова Гаухар екеуміз тұрмыс жағдайын өз көзімізбен барып көрдік. Басқа оқушылар тарапынан қиыншылық келтіретін бала жоқ.
Уақытылы ата-аналар жиналысы өтіп тұрады. Оған сыныптың ата-аналарының қатысы 85%. Сыныптың ата-аналар комитеті сайланды, жоспар бойынша жұмыстарға араласып, сабақтарға қатысып, мектеппен үнемі байланыста жүретін ата-аналар бар. Атап айтсам, Таймырзаева Ж, Шайхиева Г, Жалилова А, Мыңбаев Б, Нажимова Р.
Қараша айында «Жыл ата-анасы -2014» сайысы өтіп, сыныбымыздың атынан Шайхиева Г. қатысып, алғыс хатпен марапатталады.
Сынып бойынша аз қамтылған және жартылай жетім жанұя балаларына барлығы 8 оқушы ыссы тамақпен қамтамасыз етілді. Тамақтанатын оқушыларға күнделікті тамақ ішуі туралы табель жүргізіліп отыр. Қамқорлық акциясы кезінде аз қамтылған отбасы балаларын әлеуметтік қолдау, көмек көрсету, мектепке қатысын қамтамасыз ету мақсатында Нұрболатова, Орахова, Сәрсембаева, Утепбергенова, Амангелді М, киім-кешекпен көмек берілсе, жаңа жылда Нұрболатова Ботагөзге мектебіміздің мұғалімі Уахитов А демеушілігімен тәтті берілді. Енді алдағы уақытта Аубекерова Мираға осындай көмек көрсетілсе екен дегім келеді.
Азаматтық-патриоттық бағытта сыныпта «Елбасы - ұлт мақтанышы» «Тәуелсіздік – тірегім» атты сынып сағаты өз деңгейінде өтті.
Интеллектуальді мәдениетті дамыту бағыты бойынша белсенді ойлау қызметінің дамуын, сана-сезімнің қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой кабілеті мен білімге құмарлығын дамыту мақсатында оқушылар түрлі тәрбие шараларына тартылды. Халықаралық «ИнфоУрок» интернет олимпиадасына сыныбымыздан 18 оқушы орыс тілі, география, математика пәндерінен қатысып, жүлделі 1,2 орындарға ие болды. Республикалық «Ақбота» интеллекталдық марафонына– 5 оқушы, «Булдог» - 4 оқушы, «Орыс қонжығы» -4 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
Эстетикалық тәрбие беру бағыты. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру бағытында мектепте жұмыс жасаған «Балбармақ», «Шебер қолдар» үйірмесіне оқушы қатысады.
Облыстық «Жадыра – жас дәурен 2014» атты сайысқа сыныптан Тұрсұнахунова Лаура қатысып,ІІІ орынға ие болды. Сыныбым мектептің қоғамдық өміріне белсене араласады. Атап айтсақ Есенғалиева Махаббат, Ерсайын Жадыра, Ғалымжанов Нұрдаулет, Дамир Сұлтан сынды оқушыларымыз ән, би, әзіл- сықақ өнерлерін мектептің түрлі шараларында ортаға салып жүр.
Желтоқсан айында технология пәнінен облыстық сырттай көрме өтті. Соған сыныбымыздан Ғалымжанова Аружан мұғалімі Қонысова Бақытгүл екеуі видеоролик дайындап, облысқа жібердік. Облыстан ІІ орын алдық.
Аудандық «Маусымашар-2014» сайысына сыныптан Дамир Сұлтан аудан командасымен қатысып, Жүлделі І орынға ие болды.
Экологиялық тәрбие, табиғатқа, қоршаған ортаға әдепті көзқарасты қалыптастыру бағытында күзгі, көктемгі тазалық айлығы шарасына ұйымшылдықпен қатысып жүрміз. «Жасыл жапырақ» акциясы бойынша мектеп айналасына терек отырғызып, оған күтім жасадық. Оқушыларға табиғатты сүюге, эстетикалық, экологиялық тәрбие беруге баулу мақсатында «Өз өлекеңді аяла» тақырыптарында сынып сағаттары өтті.
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындаСыныптан 4 оқушы мектептен тыс спорттық үйірмеге қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ күрестен Бисенбайұлы Б -ІІІ орынды алды.
Алдағы уақытта болатын сайыстарға қатысып отырамыз. Сыныппен жұмыстар жүргізілуде, әлі де жүргіземін, бала сенімінен шығатын дос болуды үнемі ұстанамын. Жаңа 2015 жылда жаңа табыстарға жетеміз деп ойлаймын....
6в сынып жетекшісі: Кенжебаева А.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 1.28 Mb |
Количество скачиваний: | 16 |