7 сынып Компьютерлік вирустардан қорғау

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы: Компьютерлік вирустардан қорғау

Сабақтың мақсаты:

Ақпаратты қорғау туралы түсінік беру.

Антивирустық қорғауды пайдалануға үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды антивирустық программалармен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1)Ұйымдастыру кезеңі:

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

2)Үй тапсырмасын тексеру.

3)Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Компьютерлік вирус-өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.

Вирус

жүктейтін вирус

макровирустар

Файлдық вирус

Троян

Басқа да вирустар

Вирустар қайдан пайда болды?

Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.

Макровирустар-Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.

Жүктейтін (загрузочный) вирустар – негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.

Файлдық вирустар- бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі.

Вирустардың таралу жолдары

Ø Дискеттер

Ø Лазерлік дискілер

Ø Компьютерлік желілер

Ø Флешкалар

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 39.77 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 149

Похожие материалы