7 сыныпқа арналған қысқа мерзімдік сабақ жоспар, "Материялық нүкте және қозғалыс траекториясы"
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Аккалиева Лайля Маратовна
|
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Миялы селосы, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта
мектептің математика және физика
пәнінің 2 санатты мұғалімі
Аккалиева Лайля Маратовна
Материялық нүкте Қозғалыс траекториясы.
Күні: 15.11.14
Сыныбы: 7
Пәні:физика
Сабақтың аты: §22.Материялық нүктеҚозғалыс траекториясы.
Сілтеме: Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева, Алматы «Атамұра» 2012 жыл, 237 бет
Жоспар:
Жалпы мақсаты:
Ø Қозғалыс траекториясы.Материялық нүкте жүйесі жайлы мағлұмат беру
Ø Қозғалыс траекториясы.Материялық нүктені күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
Ø Топта бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже
Ø Қозғалыс траекториясы.Материялық нүкте жүйесі жайлы мағлұмат алады
Ø Қозғалыс траекториясы.Материялық нүктесін күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді
Ø Топта бағалай алатын болады
Негізгі идеялар:
Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.
Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызықтүрінде қалдырған ізін қозғалыс траекториясы деп атайды.
Траекторияның түріне қарап қозғалысты түзу сызықты немесе қисық сызықты деп бөледі.
Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.
Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орынымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.
Ресурстар: Флипчарт, қағаздар, стикерлер, рубрикаторлар
Тапсырмалар:
Топтық жұмыс
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс: «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
1.1. Сәлемдесу
1.2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.3. Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
1 Коперник деген кім?
2. Коперник аспан денелерінің қозғалысын қалай түсіндірді?
3. Қазіргі кездегі әлем жүйесінен Коперник жүйесінің айырмашылығы қандай?
4. Коперник теориясын кімдер қолдады?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут) «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы 1 – топқа постер қорғау, 2 – топқа өлең шығару, 3 – топқа ертегі құрастыру тапсырмаларын бергеннен кейін жеке, топтық бағалау критерийлері таратып бағалауды топ бақылаушысына беремін. Сергіту сәті «Машенка»
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
Бағалау өлшемдері
Көш
басшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
1
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2
Міндетін атқару
3
Топтық жұмысқа атсалысуы
Табыс критерийлері
Дескриптор
Лейблдер
Сабақты жақсы түсініп, меңгеруі
Есептерді өз бетімен есептеп шығаруы
Толық түсінді
Толық емес түсінді
Мүлдем түсінбеді
Толық есептеді
Толық емес есептеді
Мүлдем есеп шығармады.
0 – мүлдем қатыспады
1 – ауызша есепті орындады
2 – ауызша есеппен бірге оқулықтағы есептерді орындады
3 – барлық есепті шығарды
Оқушының аты - жөні
«Қима қағаздар» арқылы үй тапсырмасы
«Ойлан, жұптас, талқыла»
«Ратаци» әдісі
ЖИГСО
«Ыстық орындық»
Қорытынды бағасы
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Топтық жұмыс (5 минут)
Топтың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1
Білу
Траектория дегеніміз не?
2
Түсіну
Траектория түрлерін ата?
3
Қолдану
Үйіңнен мектепке дейінгі траекторияны сыз және қай түріне жатады?
4
Талдау
Траектория түрлерін салыстыр?
5
Жинақтау
Аспанда ұшып бара жатқан самалеттің траекториясы қандай және материялық нүкте ретінде қарастыруға бола ма?
6
Бағалау
Дене қозғалысын сипаттауда траекторияның маңызы неде?
Жасаған жұмыстарын бағдаршам арқылы бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар
Эссе жазу
Кейінгі оқу
§22.Материялық нүкте.Қозғалыс траекториясы.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 1.28 Mb |
Количество скачиваний: | 24 |