7 сынып.Дүние жүзі тарихы "11-15 ғғ.Англия"
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Сейдеханова Шамшинур Жумахановна
|
№ 16 орта мектеп-гимназиясының
тарих пәні мұғалімі Сейдеханова Ш.Ж
7 кл. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §18. XI-XVғғ. Шаруашылықтың дамуы және әлеуметтік өмірдегі өзгерістер
Мақсаты: . XI ғасырға қарай Батыс және Орталық Европа елдерінде шаруашылықтың дами бастағанын, қос танапты егістіктің үш танапты егістікпен алмасқанын, ауылшаруашылығында техниканың дами бастағанын оқушыларға түсіндіру.
2.Оқушыларды өздігінен жұмыс істету арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін қалыптастыру
А) Ойландыратан сұрақтар беру арқылы,балалардың ойлау қабілетін дамыту.
3.Тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды өзге елдің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, өз бетінше кітаппен,топпен жұмыс, пікір алмасу
Көрнекілік : карта, кесте, сызба
Сабақ барысы
I Ұйымдастыру II Үй тапсырмасын тексеру.а)Cұрақтар1. Қала-коммуналар өкіметі қалай аталды?(Коммуналардың алқасы) Олар немен айналысты?(заң шығарды,салық жинады,шаруашылықты басқарды).2 Венецияның күшею себептері.3. Медичилер қандай саясат жүргізді?(1.Европада ең ірі сауда-банктік компания құрды.2. феодалдық ақсүйектерге қарсы белсене күрес жүргізді.3.кедейлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға айтарлықтай көңіл бөлді.4. Байларға салынатын салықты көбейтіп, кедейлер салығын жеңілдетті. 5.Қаладағы құрылысты ұлғайтып, еңбекші халықты жұмыспен қамтамасыз етті.6. Оқымыстылар мен өнер қайраткерлеріне қамқорлық жасап отырды.) 4. Чомпилер деген кімдер, олардың көтерілісі қашан болды? (1378 ж Флоренцияда чомпилердің «жалдамалы жұмысшылардың» көтерілісі болды.) 5.Кресшілер Константинопольді қашан басып алды? (1204 ж.IV-крест жорығы кезінде кресшілер Кіші Азияның орнына Константинопольді басып алып, Византия империясын құлатты. Оның орнына Латын империясы құрылды).6. Кресшілерді Византиядан қуып шығуға кім көмектесті? (1261 ж Египет сұлтаны Бейбарс көмекке келіп,кресшілерді қуып шықты). 7.Византия империясының өмір сүруін кімдер тоқтатты? (1453 ж осман түріктері Константинополді басып алып, Византия империясын өзіне қосып алды. Сөйтіп, 395 ж. құрылған , Византия империясы 1453 ж. өмір сүруін тоқтатты.)
Б) Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Италия қалаларының дамып, жетілуіне не себеп болды?
А) қолөнердің дамуы ә) кресшілер жорығы б)сауданың дамуы в) шаруашылықтың өсуі
2.Италияда қала тұрғындары XI –XII ғ.қалай аталды?
А) сеньорлар ә) вальвасорлар б)пополандар в) коммунарлар г)чомпилар
3. Флоренцияда 1434-1737 жж. қандай әулет билік құрды?
А) Медичилер ә) Альбицилер б) Савонарола в) Пьер Лоренцо
III.Жаңа тақырып.Жоспар.1Шаруашылықтағы қол жеткен табыстар.2 Қолөнердің ауылшаруашылығынан бөлінуі.3. Европада ортағасырлық қалалардың пайда болуы.4. Жәрмеңкелер. 5.Шығыс елдерімен сауда жүргізу.
ауылшаруашылығындағы қол жеткен табыстар
1.қос танапты егістік үш танапты 2.ауылшаруашылық техникасы 3.темірден жасалған еңбек
егістікпен алмасты дамыды құралдары көбейді
4.металл рудасын 5.металл өңдеу ісі 6.темір ұсталығы, қару-жарақ
өндіру артты жақсарды жасау дамыды
а) Кітаппен жұмыс «Қолөнердің ауылшаруашылығынан бөлінуі» дегенді оқып, түсінгенін мазмұндау
б) «Ауылшаруашылығы еңбек өнімділігінің артуы» деген кестені сызу.
Қортынды: «Шаруашылықтың дамуы қолөнердің бірте-бірте ауылшаруашылығынан бөлінуіне әкеп соқтырды. Қолөнер адамдардың арнайы бір тобының- қолөнершілердің кәсібіне айнала бастады»
Б) Өз бетінше жұмыс 84-беттегі 1.«Қолөнершілер жасаған бұйым...» деген сөйлемнен, «Бертін келе кезбе қолөнершілер тұрақтана бастады» деген сөйлемге дейін оқыңдар.
Тапсырма: -Неге қолөнешілер өз поместьелерінен қашыпотырды?
2.84-беттегі «Олардың қоныстары...» деген сөйлемнен, «Ежелгі Римнің қираған қамалдары арасына салды» » деген сөйлемге дейін оқыңдар.
Тапсырма: -Қалаларды қандай жерлерге салды?
Топпен жұмыс
1-ші топ Рыцарлар
2-ші топ Жәрмеңкелер
3-ші топ Шығыс елдерімен сауда жүргізу.
IV Пысықтау. Сұрақтар 1. Ауылшаруашылығы мен қолөнердегі жетістіктердің бір-бірімен байланысы қалай болды? 2. Қалалар неліктен және қалай пайда болғанын түсіндіріңдер.3.Қаланың пайда болуына және өсуіне байланысты қандай еңбек бөлінісі өмірге келді? 4.Қалалардың өсуі сауданың дамуына қалай әсер етті? 5.Жәрмеңке деген не? 6. Шығыс елдерімен сауданың қандай түрі жүргізілді?
V Үйге тапсырма §18.оқып, мазмұндау, сұрақтарға жауап беру.
№ 16 орта мектеп-гимназиясының
тарих пәні мұғалімі Сейдеханова Ш.Ж
7 кл. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы:§14. XI-XV ғасырлардағы Англия
Мақсаты:1.Феодалдық мемлекеттердің орталықтанған монархияларға айналуы сол заманның талабына сай озық құбылыс болғанын ашып көрсету.Король билігінің нығаюы арқасында Англия экономикасының жоғары дәрежеде дамып, халықаралық аренадағы ықпалының күшейгендігіне оқушылардың көзін жеткізу.
а) Англиядағы өркениетті өкімет билігінің даму жолдарын ашып көрсету.
2.а)Нақтылы тарихи фактілер арқылы оқушылар феодалдық қоғамның барлық озық ойлы күштерінің король билігін нығайтуға, ал корольдің сол озық күштерге арқа сүйеуге тырысқанын тереңдетіп түсіндіру.
б)Оқушыларды өздігінен жұмыс істету арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін қалыптастыру
3.Тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды өзге елдің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, өз бетінше кітаппен жұмыс, пікір алмасу
Көрнекілік : карта, кесте, сызба
Сабақ барысы
I Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын тексеру 1Жүз жылдық соғыстың себебі неде? 2. Жакерия деген не, ол қай жылдары болды?( соғыс ауыртпалығы француз шаруаларының наразылығын туғызды. 1358 ж. олар көтеріліске шықты. Көтеріліс «Жакерия» деп аталды. Себебі «Жак»деген сөз Жаков деген адам атынан шыққан. Француз шонжарлары шаруаларды келеке етіп солай атайтын. Шаруалар отрядтарынГильом Каль басқарды. Қан судай төгілген көтерілісте өкімет жеңіске жеткенмен, салықты көбейтуден қорықты) 3. Жанна д Арк Жүз жылдық соғыста қандай роль атқарды? 4.XI Людовик пен БатырКарл арасындағы соғыс не үшін болды?(Король билігінің күшеюі ақсүйек феодалдарға ұнамады.Өздерінің тәуелсіздігінен айырыла бастаған олар корольге қарсы одақ құрды.Оны Батыр Карл деп аталған Бургундия герцогы басқарды. Ол ағылшын королі 4- Эдуардпен құпия келісім жасады. 1477 ж соғыста бургундықтар жеңілді. Батыр Карл қаза тапты)
А) Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Бас штаттар қай корольдің тұсында шақырылыд?
А) IIФилипп Август ә) IVКөркем Филипп б) III Эдуард в)XI Людовик
2.Англия мен Франция арасындағы тарихтағы ең ұзақ соғыс қай жылдары болды?
А) 1180-1223 жж ә)1285-1314 жж. б) 1337-1453 жж. в)1422-1461 жж. г)1461-1483 жж.
3. Жакерия көтерілісі қай жылы болды?
А)1346 ж ә) 1358 ж. б) 1360 ж. в) 1429 ж. г) 1353 ж.
В) Шығармашылық тапсырма « Жүз жылдық соғыстан кейінгі VII Карлдың жүргізген саясаты қандай болды?»
(1.Бас штаттардан әскер ұстау үшін жыл сайын жиналатын салық енгізуді талап етті.Оның талабы орындалды. 2. Мемлекеттік қазынадан жалақы алып тұратын тұрақты атты және жаяу әскер құрылды. 3 Әскер ұстау үшін салынатын салық тұрақты түрінде енгізілді.4. Әскер тікелей корольге бағынышты болды.5. Бас штаттардың корольге бұрынғыдай керегі болмай қалды.6.Король мемлекетті тікелей өзіне тәуелді шенеуніктер арқылы басқарды.7. Герцогтар мен графтарды да өзіне бағынышты етті.8. Барлық мемлекеттік істерді корольдің өзі шешіп отырды)
IIIЖаңа тақырып. Жоспар 1.Англияны нормандардың жаулап алуы.2. Англияда бір орталыққа бағындырылған мемлекеттің күшеюі.3 Парламенттің құрылуы.4. Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі.
Англияны нормандардың жаулап алуы.
1.Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде 2 Олар жеті корольдік құрды.
Британияға ағылшын-сакс тайпалары қоныстанды 3. IX ғ. олар бірікті
4 Xғ.аяғынан бастап бұл бірлестік Англия деп аталды. 5.Англия бірлестігін Дания жаулап алды
6. 11-ғ Дания үстемдігінен құтылды, бірақ Англия корольдігі әлсіз еді
7.Осыны пайдаланып,1066 ж Британ аралдарын Нормандия герцогы Вильгельм басып алды.
А) Кітаппен жұмыс «Қаһарлы сот кітабы» деген не? 64-беттегі үзіндіні оқу. «Вильгельм 1086 ж. жер, халық және мүлік санағын жүргізді.Ол санақтың барысы жазылған кітап «Қаһарлы сот кітабы»деп аталды. Англия халқының саны 1,5 млн. болды.Оның 95%-ы ауылдық жерде тұрды. Бұрынғы ерікті шаруалардың көпшілігі тәуелді,басыбайлы шаруаларға айналды»
Б) Өз бетінше кітаппен жұмыс
Англияда бір орталыққа бағындырылған мемлекеттің күшеюі
II Генрих Плантагенет(1154-1189 жж) жүргізгенреформалары
Реформалар
Енгізілген өзгерістер
1
Сот реформасы
«Тәңір сотының» орнына король соты орнады,оған халықтың бәрі бірдей шағымдануға құқылы болды.
2
Әскери реформа
Феодалдар әскери қызметатқарғысы келмесе «қалқандық ақша» төлеуге тиіс болды. Ол ақшаға өкімет рыцарларды жалдады.
3
Шіркеу реформасы
Ағылшын шіркеуінде тікелей өзіне бағындырды
В) Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі 1381 ж. көктемде Англияның оңтүстік-шығысында шаруалар көтерілісі болды.(көтеріліс барысын 66-67 беттерден оқу)
- Уот Тайлер мен Жакерия көтерілістерін салыстыру.
Г) Йорктер әулеті мен Ланкастрлер арасындағы «Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы (1455-1485жж)»
IVПысықтау 1. Нормандықтардың Англияға басып кіруіне не себеп болды? 2. «Қаһарлы сот кітабы» қашан жазылды? 3 Ағылшын парламенті қашан құрылды?(1265 ж.құрылды) 4.«Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы (1455-1485жж)» себебі не?(екі әулеттің арасындағы билік үшін талас-тартыс)
А) Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Қай ағылшын королі жер ,халық және мүлік салығын жүргізді?
А) Вильгельм ә) II Генрих б) III Эдуард в)IIIГенрих
2. Қай король сот реформасын енгізді?
А) Вильгельм ә) II Генрих б) III Эдуард в)IIIГенрих
3. Ағылшын парламенті қашан құрылды?
А)1265 ж. ә) 1455 ж. б)1215 ж. в) 1381 ж.
Б) Шығармашылық тапсырма «УотТайлер мен Жакерия көтерілістерін салыстыру »
-Себептері мен ұқсастықтары неде ?
V Үйге тапсырма §14 оқып, мазмұндау, шығармашылық тапсырманы жазып келу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 47.73 Kb |
Количество скачиваний: | 50 |