8 - сынып "Тістің құрылысы және гигиенасы"
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Сыдыкова Айша Утебаевна
|
Сабақтың тақырыбы:Тістің құрылысы және гигиенасы
Сабақтың мақсаты:Сабақ сапасын көтеріп, жаңа технологиялардың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдап, оларды тиімді және шығармашылықпен қолдану.Сабақта оқушыларды өз бетінше іздену жұмысына баулу, мәлімет жинау мен оны талдауға икемділіктерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану.Осы орайда тістің құрылысы, тісті күту, тіс ауруларының алдын-алу, гигиеналық тәрбие беру мақсатында «Тістің құрылысы және гигиенасы» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабаққа үлестірмелер , тірек-сызбалар, тіс моделі, тіс пастасы, тест тапсырмалар, слайдтар, интерактивтік тақтаны пайдаландым. «Сау тіс –денсаулық кепілі» дегендей жаңа сабақта тістің анатомиялық құрылысы және жетілу кезеңдеріне, микроорганизмнің зиянына, тіс ауруларына және емделу жолдарына тоқталып өттім.
Жаңа сабақты бекітуде сұрақтар бердім.
1.Тіс бізге не үшін керек? 2.Адамда қанша тіс болады? 3.Алғашқы тіс қашан шығады? 4.Неге тісті тірі ағза дейді? 5.Тістің қандай бөлімдерін білесіздер? Тіс атаулары:....,......,......,...... .
Венн диаграммасы бойынша салыстыру.
Күрек тіс Ұқсастығы Азу тіс
Үйге берілген тапсырманы оқушыларды екі топқа бөліп, «Менен сұрақ , сізден жылдам жауап» әдісі арқылы тексердім.
І тапсырма
І топ «Маржан тістер» 1.Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан? 2.Қоректік заттар құрамына қандай органикалық заттар кіреді? 3.Адам ағзасында өзгеріссіз сіңірілетін қандай зат? 4.Ас қорыту және тыныс алу жолдары қай мүшеде қиылысады?
Жұмбақ, мақал-мәтелдер сайысы Дәу үңгірдің қақпасы жабылып, ашылып тұрады, Жоқ болсада топсасы.(Ауыз) Апыл-ғұпыл ішкен ас, Асқазанға түскен тас. Тәтті тістің қастасы, Ащы тістің жақтасы. ІІ топ. «Кіршіксіз таза тістер» 1.Ас қорыту бездерінен бөлінетін сұйықтық қалай аталады? 2.Аш ішектің бөлімдері қандай? 3.Адамға қажет нәруыздың тәуліктік мөлшері қанша? 4.Адамға қажет көмірсудың тәуліктік мөлшері қанша? Жұмбақ, мақал-мәтелдер сайысы. Қос жиек ортасы, ақ сүйек. (Тіс) Есігін ашсаң сайраған бұлбұл. Есігін жапсаң, жайраған құр күл. (Тіл) Әдемі тісің шырайлы түсің. Тіс бүлінді дегенше іш бүлінді, Іш бүлінді дегенше іс бүлінді. ІІ тапсырма. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі.Кестені толтыру.
Мүшенің аты
Құрылысы
Қызметі
1.Ауыз қуысы
2.Жұтқыншақ
3.Өңеш
4.Қарын (Асқазан)
5.Аш ішек
6.Тоқ ішек
ІІІ тапсырма.Сәйкестендіріңіз.
1.Тіс..., мойыны, түбірі болады.
А)бауыр
2.Ең үлкен ас қорыту безі
Ә)тіс жегісі
3.....-25 см, іші қуыс бұлшық етті мүше
Б)диетология
4.Тістің дентин затының бұзылуы
В)өңеш
5.Ас қорыту мүшесі басталады
Г)аш ішек
6.Ең ірі сілекей безі
Ғ)шықшыт
7.Тамақты дұрыс пайдалану ғылымы
Д)ауыз қуысы
8....-5-6м болады
Е)сауыты
9.Ұзындығы 11-13 см, асқорыту және тыныс алу жолдары қиылысатын мүше
Ж)жұтқыншақ
IVтапсырма. «Ас қорыту мүшелері» тақырыбына арналған тест тапсырмасы. 1.Ас қорыту жолының кеңейген жері: А)асқазан Ә)тоқ ішек Б)жұтқыншақ 2.Ұзындығы 25 см, іші қуыс бұлшық етті мүше: А)өңеш Ә)жұтқыншақ Б)асқазан 3.Тоқ ішектің бөлімдері: А)аш ішек , жиек ішек, тік ішек Ә)соқыр ішек, тік ішек, ұлтабар Б)соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек 4.Асқазанның астыңғы жағында орналасқан без; А)ұйқы без ә)бауыр б)қалқанша без 5.Ас қорыту жолында асқазаннан кейін қандай мүше орналасады? А)ұлтабар Ә) тік ішек Б) Тоқ ішек 5 тапсырма.Тиімді тағам кестесі.Плакатта 10 тағам суреті берілген, соның ішінен 5 қажетті тағамды «Тиімді тағам» кестесіне салу қажет.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 3.38 Mb |
Количество скачиваний: | 17 |