8 сыныпқа арналған «Ағаш ұқсату өнері» факультатив сабағының бағдарламасы.

Предмет: Технология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің  үлгісі қалыптасу үстінде.Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүруде.Жаңа білім беру бірінші орынға –баланың тұлғасын, білім алу арқылы жан-жақты дамуын қойып отыр. «Ағаш ұқсату өнері» факультатив сабағының ерекшелігі,оқушыларды қолданбалы өнер түрімен,дизайн мүсін,ағашқа күйдіру өнерлерімен таныстыра отырып,тұлға ретінде танымдық қызығушылықтарын қанағаттандырады.Олардың ой өрісін кеңейтеді,шығармашылық қабілеттерін дамытады.Осы арқылы оқушылардың өзіне тән икемділігі анықталады,тұлға ретінде көркем-эстетикалық біліктілігі,талғамы,қабілеттері қалыптасады. «Ағаш ұқсату өнері» факультатив сабағының барысында оқушылар әртүрлі материалдармен жұмыс жасап дағдыланады.Бұйымдарды жасау технологиясымен танысады,құрал-саймандарды пайдаланып еңбек етуге машықтанады,технология пәніне қосымша мәліметтер алады. «Ағаш ұқсату өнері» факультатив сабағы халықтың ұлттық дәстүрін зерделеуге және оқушының өзіне тән бағдарын таңдауға мүмкіндік береді. Өзектілігі:Бағдарламада көрсетілген бағыт – қазақ мектептерінде білім беру саласында алған білімдерін тереңдетіп, сапасын жаңа заман талабына сай жақсартып, оқушылардың технология, бейнелеу пәні бойынша теориялық білімін практикамен ұштастыра игертіп және көркемдік, эстетика танымдық қызығушылығын арттыру. Мақсаты: оқушылардың әр түрлі бұйымдар жасау арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, көркем – эстетикалық біліктілігін қалыптастыру
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 86 Kb
Количество скачиваний: 52
Просмотров: 185

Похожие материалы