8 сыныптың химия курсы бойынша
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Жумабаева Айжан Мукановна
|
Ақмола облысы
Бұланды ауданы
Қараөзек орта мектебі
8 сыныптың химия курсы бойынша
тест тапсырмалары
Дйындаған: химия пәнінің мұғалімі Жумабаева А.М.
2015 жыл
Түсінік хат
Химия пәні – жаратылыстану ғылымынқұрайтын жүйенің маңызды бір бөлігі. Ұсынылып отырған оқу құралы 8-сыныпқа химия пәнінен алған теориялық білімді одан әрі дамытып, практикалық дағдыны қалыптастыруға арналған. Құралдың негізгі мақсаты – оқушыларды өздік жұмысын орындауға дағдыландырып, айналада болып жатқан құбылыстарға көніл аударып, сыни ойлануға үйрету және бақылау дағдысын қалыптастыру. Әдістемелік құрал химия пәні мұғалімдерінің 8 сыныптың химия курсы бойынша оқушылардың білім-біліктерін тексеру қорытындысына, даму деңгейін анықтауға, материалдарын меңгеруін бақылау мақсатында әр тараудан соң ең басты, мәнді фактілерді, ұғымдарды, біліктілікті тексеруге бағытталған, диагностика жасауға мүмкіндік беретін тест сұрақтары берілген. Мұндағы берілген тест тапсырмалары, есептер мен жаттығулардың мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасына негізделген, мектептің оқулығына сәйкес құрастырылған. Әр тарау бір нұсқадан яғни, оң тест сұрақтарынан тұрады, тапсырмаларының жауап нұсқасы бесеу, оның тек бір ғана дұрыс жауабы бар. Тест материалдарын жылдық немесе ІІ жартыжылдық қорытынды бақылау орнына пайдалануға болады.
І тарау. Бастапқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар.
ІІ тарау. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйесі. Атом құрылысы. Химиялық байланыс.
ІІІ тарау. Оттек. Жану. Ауа.
ІV тарау. Сутек. Тотығу-тотықсыздану реакциясы.
V тарау. Су. Ерітінділер.
І тарау. Бастапқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар.
1. Металды табыңдар
а) хлор
в)күміс
с) оттегі
д) күкірт
2. Реакция теңдеуіндегі алюминийдың алдына қойылатын коэффициент
Аl + O2 = Аl2O3
а) 2
в) 3
с) 5
д) 4
3. Валенттігі екіге тең элементтер қатарың табыңдар
а) H Li Fe P
в) Ca Мg Ba Sr
с) Al P Cu C
д) K Ag B Ве
4. Мыс оксиді мен күкірт қышқылының арасындағы реакция типі қандай?
а) қосылу
в) айырылу
с) орынбасу
д) алмасу
5. Күкірт қышқылының құрамындағы күкірттің массалық үлесі қандай?
а) 2%
в) 20,2%
с) 65%
д) 32,7%
6. Су мен құм қоспасын қандай әдіспен бөлуге болады?
а)қайта кристалдану
в) тұндыру
с) сүзу
д) магнитке тарту
7. Химиялық заттардың формуласы дұрыс жазылған қатарды анықта
а)CuCI2 CuSO4 К3PO4 NaCl3
в)AICI3 H2S H2O H2CO3
с) BaO СаН H2S4 P2O5
д) SO2 Zn2O NaO HCl
8. Химиялық реакция теңдеуіндегі реагент формуласының коэффициенті
қандай? H2O → Н2↑ + О2↑
а) 2
в) 3
с) 4
д) 5
9. Қорғасын – қалай оқылады
а) купрум
в) гидраргирум
с) аргентум
д) плюмбум
10. Кальций оттекпен әрекеттескенде 56г. өнім түзіледі. Реагент болып келген оттектін моль саны қанша?
а) 0,5
в) 1,5
с) 3
д) 1,8
ІІ тарау. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйесі. Атом құрылысы. Химиялық байланыс.
Изотоптар
а) алмаз және графит
в) 13С және 12С
с) иілімді және аморфты күкірт
д) Оᴣ және О2
2. Атом ядросының құрамында 13 протон және 14 нейтроны бар химиялық элемент
а) азот
в) кремний
с) алюминий
д) көміртек
3. Электрондық формуласы 1s22s22p6 бар элемент
а) барий
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 57.21 Kb |
Количество скачиваний: | 23 |