9-класқа арналған электронды оқулық құру

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

9-класқа арналған электронды оқулық құру

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының

базалық мекемесі №51 гимназия

Ғылыми жетекші: Жұмағұлова Ә. А.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Информатика теориясы және оқыту технологиясы кафедрасы

аға оқытушысы

Дайындаған: Алимбай Бибінұр

9 «Ә» класс оқушысы

Жетекші: Кузембаева Айгерим

Информатика пәні мұғалімі

КІРІСПЕ

Білім беруді ақпараттандыру жаңа оқу құралдарын табанды түрде жасауды қамтамасыз етіп отыр. Бірінші болып оларға электрондық оқу құралдарын жатқызу керек.

Білім берудегі көптеген пәндерге ақпараттық және қатынастық технологияларды ендіру программалармен қамтамасыз ету мен білім беру саласында қолданылатын электрондық оқыту құралдарының мазмұнын
толықтыру сияқты келесі мәселелерді туындатады. Соған орай осы мәселелер бойынша жүргізілген іс-әрекеттер, зерттеулер осындай құралдарды жасау мен пайдаланудың теориясын және оған қажетті нормативтік құжаттарды қалыптастыруда. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электронды оқулық – мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және аралық бақылауға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықпен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

Тақырыптың өзектілігі

Білім жүйесінің ақпараттануы жаңа оқу құралдарын жасауды талап етуде. Мектепте оқушының пәнді толық деңгейде меңгеруі және өз бетінше жұмыс істеуіне жағдай жасау үшін пәннің оқулығы даярланады. Оқулықтың электронды нұсқасын дайындау қағаздағы нұсқасына қарағанда пәнді тереңірек меңгеруге ықпал етеді. Себебі, бұл жағдайда оқушы мәліметтермен теория жүзінде танысып қана қоймай, практикалық тапсырмаларды интерактивті режимде орындап, бейнесабақтарды көріп және алған білімін өз бетінше тексеріп отыруға мүмкіндік алады. Сондықтан ғылыми жұмыста қарастырылып отырған мәселе өзекті болып табылады.

Зерттеу мақсаты

Ғылыми жұмыстың мақсаты: MACROMEDIA FLASH мүмкіндіктерін пайдаланып, информатика пәні бойынша пайдаланушыларға түсінікті, қажетті материалдармен кең көлемде қамтылған электронды оқулықты дайындау.

Зерттеу міндеттері

  • -Электронды оқулық дайындаудың мемлекеттік стандартын, электронды оқулыққа қойылатын стандарттық талаптарды меңгеру;
  • -Құрылатын электронды оқулықтың құрылымын анықтау;
  • -MACROMEDIA FLASH программасының мүмкіндіктерін меңгеру;
  • -Нәтижесінде MACROMEDIA FLASH ортасында тақырыпқа сай электронды оқулықты дайындау;

Зерттеудің практикалық маңыздылығы

Ұсынылып отырылған электронды оқулық информатика пәні бойынша толық мағлұматты қамтиды және бұл программалық өнімді пәнді меңгеруде мұғалімге қосымша құрал ретінде қолдануға болады.

  • ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН 9-КЛАСҚА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА СИПАТТАМА

9-класқа арналған информатика пәні бойынша оқушыларға арналған электронды оқулықтың программасы Macromedia Flash ортасында жасалды. Электронды оқулық құрылымы негізгі төрт бөлімнен тұрады. Программа құрылымы келесі 1-сызбада көрсетілген.

Сызба 1 Электронды оқулық құрылымы


Программаны ашу үшін ГЛАВНАЯ.swf файлын жүктеу керек. Программаны алғаш жүктегенде экранда MacromediaFlash ортасында дайындалған электронды оқулық 9–суреттегідей мұқаба беті ашылады.

  • Сурет 9. Мұқаба беті

Сілтеме жасау арқылы негізгі терезеге өтеміз. Бұл терезеде 1-сызбада көрсетілген негізгі бөлімдер атаулары орналасқан. Электронды оқулықтың әр бөліміне сілтеме сәйкес батырмаларды шерту арқылы жүзеге асады. Тарау атаулары орналасқан негізгі терезе көрінісі 10-суретте көрсетілген.

Сурет 10. Электрондық оқу-әдістемелік кешеннің бөлімдері

«Пән туралы жалпы мағлұмат» бөлімі келесі 11–суретте көрсетілгендей пәннің оқу бағдарламасы, әдебиеттер тізімі орналасқан. Әрбір құжатпен танысу үшін сәйкес батырмаларды шертеміз. Мысалы, «Пәннің оқу бағдарламасы» батырмасын шерткен кезде пән бойынша оқу бағдарламасы орналасқан терезеге өте аламыз.

Сурет 11. «Пән туралы жалпы мағлұмат» бөлімі

Дәл осындай ретпен қалған бөлімдерді қарап шығуға болады.

«Пәннің оқу-әдістемемен қамтамасыздандырылуы» бөлімінде осы пән бойынша өтілетін дәрістер, практикалық және зертханалық сабақтардың жоспарлары мен орындаудың нұсқаулығы орналасқан. Мысалы, «дәрістер» батырмасын таңдау арқылы 12–суретте көрсетілгендей пәнде оқылатын дәрістердікөруге болады.

Сурет 12. Дәрістер терезесі

Ал «практикалық жұмыстар» батырмасын таңдау арқылы 13–суретте көрсетілгендей арнайы топтастырылып құрылған практикалық жұмыстарды көруге болады.

Сурет 13. Практикалық жұмыстар терезесі

Дәл осындай ретпен қалған бөлімдерді қарап шығуға болады.

«Пәнді игеруге қажетті қосымша материалдар» батырмасын шерткен кезде, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында пән бойынша түсіріліп дайындалған бейне сабақтар және интерактивті тапсырмалар жүйесі мен глоссарий ашылады. Оқушы практикалық тапсырмаларды интерактивті режимде орындайды.

Әрбір интерактивті тапсырманы орындаған сайын сол тапсырманың дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы хабарлама шығады. Осылайша, оқушы дұрыс жауабын тапқанша тапсырманы бірнеше рет қайталап орындап, жаттығады.

Сонымен қатар Camtasia Studio программасы арқылы түсіріліп дайындалған бейнесабақтарды көріп, теория жүзінде алған білімін бекіте алады. Бейнесабақ беті 16–суретте көрсетілген.

Сурет 16. Бейнесабақ беті

Ал 17 –суретте көрсетілгендей терминдердің түсіндірме сөздігі берілген. Ол студент үшін анықтамалық көмекші құрал болып табылады.

Сурет 17. Глоссарий терезесі

Электронды оқулық құруда қарастырылатын негізгі бөлімнің бірі - тестілеу бөлімі. Бұл бөлімде оқушы тарау бойынша игерген білімін тексеру үшін тест тапсырады. «Оқу материалының игерілуінің сапасын бақылау» батырмасын шертіп, білім алушылардың білімін мониторингілеуге және бақылауға арналған материалдар: аралық, қорытынды тестілік тапсырмалар терезеде енгізілген. 18–суретте көрсетілгендей қолданушы өзінің аты-жөнін енгізгеннен кейін тестілеуге жауап беру уақыты басталады.

Сурет18. Тестілеу бөлімі

Жабу батырмасын таңдау арқылы программадан шығуға болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сол себепті оқу пәндерінің барлық бағыттары бойынша электронды оқыту құралдары дайындалуда. Мұндай оқу көздеріне деген қызығушылықтың артуы мультимедиалық технологиялардың пайда болуымен және коммуникациялық құралдар интернет желісінің дамуымен байланысты.

Электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың өз бетінше жұмысын орындауға, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне, терең тиянақты білім алу сапаларын жоғары дәрежеге жеткізуге жағдай жасай отырып, үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді.

Оқушылар үшін электронды оқулық мектеп қабырғасында оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келетін керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе. Кешеннің қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Оның гипермәтіні нақты құрылымдардан тұрады да, бір-бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негізде ойлау қабілетін дамыта алады. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу де әрбір оқушының бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады. Электронды оқулықпен жұмыс істеу әрбіроқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.

Ғылыми жұмыста информатика пәнінен 9-класқа арналған электронды оқулық құрылды. Осы электронды оқулықта дәріс сабақтары, практикалық және зертханалық жұмыстар, білім сапасын бақылау үшін тест тапсырмалары, бейнесабақтар мен интерактивті тапсырмалар және глоссарий келтірілген.

Macromedia Flash ортасында құрылған электронды оқулық программасы мемлекеттік білім беру стандартының талаптарын толығымен қанағаттандырады.

Ғылыми жұмысты жасау кезінде Macromedia Flash программасының мүмкіндіктерін кеңінен қолдандым.

Білім беруде электронды оқулықты қолданудың маңызы ерекше. Сондықтан да құрылған электронды оқулық оқушыларға терең де тиянақты білім беруде тигізер пайдасы мол деп есептеймін.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1.Беляев М. И., Григорьев С. Г., Гриншкун В. В., ДемкинB.П., Краснова Г. А., Макаров С. #., Роберт И. В., ЩенниковC.A. uдр. Теория и практика создания образовательных электронных изданий. // М.: Изд-во РУДН, - 2003, 241 с.Часть 1. 72 с.
  • 2.Бидайбеков Е. Ы., Гриншкун В. В. Теоретико-технологический подход к разработке электронных средств обучения. // Вестник АГУ им. Абая. Физико-математическая серия. Алма-Ата - 2001. № 2(4). С.32 - 37.
  • 3.Г. Е. Мырзабекова, А. Ш. Күлмұратова, Л. Қ. Смаилова, Л. К. Тәжібай Интернет технологиясы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-192б.

4.Гэри Розенцвейг. Macromedia FLASH 8. Москва 2006.

  • 5.Матыкин В.Ю. Электронды оқу құралдарын құру мен пайдалану.
  • http://festival.1september.ru/articles/103576/
  • 6.Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде 21-22 мамырда өткен «Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика проблемалары» ( профессор Ж.А. Сартабановтың 70 жас мерейтойына арналған) ғылыми-практикалық конференция, «Жоғары оқу орындарында пәннің электронды оқу-әдістемелік кешенін дайындаудың тиімділігі»- 368б.
  • 7.Электрондық оқыту құралдарын жасау және пайдалану http://www.kaznpu.kz/samat/eok/index.htm

8.Компьютер әлемі 2002ж. №2

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.06 Mb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 198

Похожие материалы