Оқушылардың жеке мәліметтері ақпараттық жүйесін құру

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Оқушылардың жеке мәліметтері ақпараттық жүйесін құру

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының

базалық мекемесі №51 гимназия

Ғылыми жетекші: Жұмағұлова Ә. А.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Информатика теориясы және оқыту технологиясы кафедрасы

аға оқытушысы

Дайындаған: Жұманбетова Наргиз

10 «Г» класс оқушысы

Жетекші: Кузембаева Айгерим

Информатика пәні мұғалімі

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта қоғамдық өмірде ақпараттың таралу қарқыны өте жылдам дамып келеді. Ақпараттық процесстер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда, қоғамдық өмірде ақпарат тасымалдау, жинақтау мен түрлендіру процестері.

Мәліметтер қоры – ақпараттық жүйенің бір бөлігі және қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді.

Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында жұмыс орнын автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі. Автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, оқушылар туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар.

Тақырыптың өзектілігі.

Қазіргі уақытта жұмыс орнын автоматтандырудың бір жолы – үздіксіз қолданылатын мәліметтер қорын құру. Мәліметтер қорын жобалаудың әртүрлі технологиялары бар. Негізгі міндет мәліметтер қорын құрудың ұтымды әдісін меңгеру. Сондықтан да зерттеліп отырған тақырып өзекті болып табылады.

Зерттеу мақсаты.

Мәліметтер қорын жобалау жүйесінің теориялық негіздерін және құру принциптерін анықтай отырып Delphi ортасында «Оқушылардың жеке мәліметтері» ақпараттық жүйесін құру.

Зерттеу міндеттері.

-мәліметтер қорын жобалау жүйесінің теориялық негіздерін және құру технологиясын анықтау және зерттеу;

-ұйымдастыру - басқару жұмыстарында қолданылатын программалардың негізгі мүмкіншіліктері мен құру технологиясын анықтау;

-ұйымдастыру – басқару жұмыстарында мәліметтер қорын басқару жүйелерінің қолданылу бағыттарын анықтау және қазіргі уақытта қолданылып жүрген мәліметтер қоры жүйелерінің ұтымды жағдайларын көрсету;

-Delphi ортасында мәліметтер қорын жобалау технологиясын меңгеру.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы.

Программалық өнім №51 гимназия оқушылары туралы іс-құжаттар негізінде жасалды, сондықтан кез келген мектеп мұғалімі мүмкіндігінше қолдана алады. Программалық өнімге алдағы уақытта өзгерістер енгізуге және жетілдіруге болады.

ОҚУ ҮРДІСІН БАСҚАРУДА АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Ақпараттық жүйелер туралы жалпы мағлұмат

Күнбе-күн ақпарат көлемі көбейіп отыр. Ал, оларды өңдеу адамның қолынан келмейді. Сол себепті мәліметтерді тез өңдеу үшін дербес компьютерлер пайдаланылады. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер (АЖ)– мәліметтер банкі болып табылады. Олардың құрамына мыналар енеді:

-Есептеуіш жүйе;

-Бір немесе бірнеше мәліметтер қоры;

-Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ);

-Қолданбалы программалар жиыны.

Мәліметтер қоры ақпараттық жүйенің негізі, оны өңдеудің объектісі болып табылады. Ақпаратты технологияны кең арнада қолдану қазір республика бойынша көптеген салаларда ұйымдастыру – басқару қызметі болып табылады. Оның автоматтандыру жолында көптеген автоматтандырылған программалық жүйелер және де электронды сұхбат, электронды есеп алмасу сияқты бухгалтерлік есеп жүйелері, қызметшілер, тауарлар және т.б. туралы электрондық қорлар көптеген өнеркәсіп жүйелерінде қолданылады. Кез–келген мекемеде ақпараттандыру мамандардың жұмысын жеңілдетіп, сол мамандармен қоса оларға кәсіби қатынасатын басқа да тұлғалардың уақытын үнемдеуге үлкен көмегін тигізеді..

Егер мәліметтер топтастырылмаса, толығымен реттеліп отырмаса, біз мәліметтер былығында қалар едік. Мәліметтерді реттеу үшін мәліметтер тақырыптары, өзара қисынды біріктірілген арнайы анықтамалар, каталогтар, карточкалар, энциклопедиялар және т.б. бар.

Осындай үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін компьютерде арнайы программа бар. Мұндай программалар мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталады.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) - бағдарламалық жабдық, оның көмегімен мәліметтер қоры құрылады, соның негізінде ақпаратты іздеу жүйесі құрылады және жұмыс істейді. Ақпаратты іздеу жүйесі дегеніміз - мәліметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетуші бағдарламалар.

ҚОСЫМША ҚҰРУДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР

DELPHI программалау ортасында мәліметтер қорын жобалау

Delphi7 программасы Windows операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi ортасының негізгі ерекшелігі мұнда құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Delphi-дің Visual Basic және C# сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуальды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды программа құру ортасы делінеді. Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол - көмекші жүйесінінің күштілігі.

Delphi –де басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді.

Delphi қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.

Delphi-дің өзінде кестелер форматы жоқ. Бірақ ол локальді кестелердің 2 түрін қолдайды – dBase және Paradox. Біз Paradox кестелерімен жұмыс жасаймыз. Delphi-де Database Desktop қосымшасы бар және ол арқылы мәліметтер қорын DBase немесе Paradox форматында құрып оны өзгертуге болады және сұраныстарды орындауға болады.

Қарапайым қосымша құруды қарастырайық. Ол келесі сатылардан тұрады:

1.МҚ кестесін құру;

2.Қосымша формасын құру.

МҚ кестесін құру үшін Database Desktop программасын қолданған ыңғайлы. Ол кесте құруға, құрылымын өзгертуге, жазбаларды редактрлеуге мүмкіндік береді.

Database Desktop программасын жүктеу үшін Delphi программасы тобының ішінен Database Desktop элементтерін таңдалық, содан кейін Database Desktop экранда пайда болады:

Жаңа кестені құру New => Table командасынан басталады және интерактивті режимде жүзеге асырылады. Ашылған терезеден кесте типін көрсетеміз де ОК кнопкасын басқаннан кейін Create Table терезесі пайда болады. Бұл диалогтық терезеде кесте құрылымын анықтаймыз. МҚ кестесін құрушы мыналарды орындау керек:

1)Кесте типін таңдау ( Paradox);

2)Кесте құрылымын анықтау;

3)Кілттік өрістерді көрсету;

4)Индекстерді анықтау;

5)Өрістер мәндеріне қойылған шектеулерді анықтау;

6)Парольді анықтау;

7)Кестелерді байланыстыру.

«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Программа жұмысына сипаттама

Программа DELPHI интегралды ортасында құрылды. Мәліметтер қоры №51 гимназия оқушыларының жеке мәліметтері негізінде жасалды.

Программаны іске қосу үшін Projeсt.exe файлын жүктейміз. Программа жүктелген кезде экранға келесі түрдегі титулдық терезе пайда болады:

1-сурет. Титулдық бет.

Осыдан кейін негізгі бөлімге өтеміз. Бұл бөлім төрт модульге бөлінген: оқушылар базасы, іздеу, сұрыптау және программа туралы.

2-сурет. Негізгі бөлім.

Оқушылар базасы модулінде оқушылардың жеке мәліметтері толық қамтылған. Олар: аты-жөні, туған күні, адресі, отбасы жағдайы, ата-анасы туралы мәліметтер, класы, қатысатын үйірмесі, хоббиі, жетістіктері. Бұл мәліметтерді өзгертуге, жаңа мәліметтер қосуға және оқушы басқа мектепке ауысқан жағдайда мәліметтерін жоюға болады. Ол үшін осы модульдегі сәйкес енгізу, өзгерту және жою командаларын таңдаймыз. Бұл командаларды орындау үшін қолданушыдан пароль сұралады. Яғни мәліметтер кездейсоқ және қасақана өзгертуден қорғалған. Енгізу терезесінің көрінісі:

3-сурет. Оқушылардың жеке мәліметтерін енгізу

Келесі «Іздеу» модулінде қажетті ақпаратты тез табу үшін іздеу жұмыстары ұйымдастырылған. Бұл бөлімде оқушыларды фамилиясы бойынша, адресі және класы бойынша іздеуге болады. Бұл модуль тек мәліметтерді көру режимінде ашылады. Оларды өзгерту, жою мүмкін емес.

4-сурет. Мәліметтерді іздеу терезесі

Сонымен қатар программада мәліметтерді өсу және кему ретімен сұрыптау, қажет мәліметтерді баспаға беру мүмкіндіктері қарастырылған. Соңғы модульде автор және программа туралы қысқаша мәліметтер беріледі.

  • ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы мәліметтер қорын кез - келген жұмыс орындарында, оқу орындарында пайдалану ыңғайлы және тиімді іс болып табылады. Ғылыми жобаның мақсаты мектептің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын автоматтандыратын мәліметтер қорын құру болатын. Жұмыс барысында мәліметтер қорының реляциялық моделінің мысалы келтірілді, яғни кестемен жұмыс жасалынды. Сондай-ақ жаңадан объектілер және оның қасиеттері мен әдістері пайдаланылды.

Ғылыми жұмысты жазуда DELPHI интегралды ортасында мәліметтер қорын жобалау технологиясы қолданылды.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін мектептің оқушылар туралы іс қағаздарымен таныстым және қажетті ақпараттарды жинадым. Жоба барысында DELPHI программалау ортасының компоненттерін, осы ортадағы мәліметтер қорын ұйымдастыруды және өңдеуді, SQL тілінде сұранымдар қойылымын ұйымдастыру және кестелермен жұмыс жасауды қарастырдым.

Сонымен мәліметтер қорының дамуымен және барлық іс-әрекеттерді жүзеге асыру, өндіріс орындарына мәліметтерді енгізу, түрлі құрылымды мекемелерде мәліметтерді дайындау, өңдеу, сақтау және тарату үшін үлкен көлемді ақпараттарды өңдеп, сақтағанда туындайтын қиындықтарды шешу үшін арнайы мәліметтер қорын басқару жүйесін пайдаланған дұрыс.

Қорытындылай келе, ғылыми жобаның негізгі мақсаты толығымен орындалды деп ойлаймын.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т., Базы данных и информационные системы.–Алматы, 2010.

2.Ғылыми-әдістемелік журнал. Информатика негіздері. -2004. №1.

3.Ғылыми-әдістемелік журнал. Информатика негіздері. -2003. №6, №4

4.Е.Ы. Бидайбеков, Ш.Т.Шекербекова. Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі. А – 2000.

5.Гофман В., Хомоненко А. Delphi 6, СПб, 2002

6.Архангельский А.Я. Язык SQL в Delphi5, М., 2000

  1. Фаронов В.В., Шумаков П.В. Delphi 5.Руководство разработчика баз данных, М., 2000
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.19 Mb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 150

Похожие материалы