9-сынып. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Предмет:
|
Начальные классы
|
Категория материала:
|
Рабочие программы
|
Автор:
|
Сандыбаева Шекер Аннасқызы
|
Здесь была ссылка на работу 9-сынып. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары автора Сандыбаева Шекер Аннасқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Пәні: өзін-өзі тануТақырыбы: «Жүріс - тұрыс әдебі» Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру. 2. Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту. 3. Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, пікір алмасу, тренингтер. Көрнекілігі: слайд, жүрекшелер, үнтаспа. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: -Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау. Үй тапсырмасын тексеру: -Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу. Ой толғау : Оқушылардан «Әдептілік» деген сөздің мағынасын сұрау. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырамын. 1.Сіз өмірде қандай әдеп қағидаларын ұстанасыз? 2.Қазақ халқының және туысқан басқа халықтардың қандай әдеп нормаларын білесіз? 3.Әдеп нормаларының жас ерекшелігіне байланысты айырмашылықтары бар ма? Кіріспе сөз. Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай-ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл-қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігі танытады. Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлесуіне байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. Әрбір адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы , жарасымдылық, мәдениеттілігі бағаланады. Мәтінмен жұмыс: Оқушыларға оқулықтағы берілген «Студент қыздың әңгімесі.» атты үзіндіні оқып талдау .Мәтінге байланысты сұрақтар: -Жігіттердің іс-әрекеті сізге қандай ой қалдырады? -Қоғамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз? Жағдаяттарды шешу: Оқулықта берілген жағдаяты оқушылар оқып талдау ды ұсынамын. -Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады? -Назымға қандай кеңес берер едіңіз ? Сахналау: Оқулықта телефонмен сөйлесу және автобус ішіндегі әбепке байланысты берілген көріністі оқушылар сахналап,талдайды.Өмірден мысалдар келтіреді. Мақал – мәтелдің мағынасын түсіндір.Сынып үш топқа бөлінеді.Слайдта көрсетілген үш мақалды үш топ талдап , өз ойларымен толықтырып ой бөліседі. »Ұлық болсаң, кішік бол!» деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады» деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал да жағымды, ізетті сөз саптаудыңадамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу — әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің «тілін таба білу» іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс. Мен бүгін айдарында:оқушылар бүгінгі сабаққа байланысты аффирмацияны таңдайды. -Айналамдағы адамдармен жақсы қарым-қатынаста боламын. -Барлық орталық игіліктерге ұмтыламын. -Қолымнан келіп тұрған адамдарға жәрдем беру мен үшін еш қиындық тудырмайды. -Өз өмірімде әдепті, әсем, сыйлы, сүйкімді болуды қалаймын. -Кез келген адамның қайталанбас даралығын құрметтеймін. Слайдта жазылған ережені сақтау туралы оқушыларға ұсынылады. Ережені есіңде сақтай жүр: Қоғамдық орындарда, көшеде: • Біреді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда кешірім сұра. • Адамдарды немесе заттарды саусағыңмен нұсқап көрсетпе. • Тесіле қарама,адамдарға бұрылып немесе артынан қарама. • Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды. • Есікті қағып кір.Өзіңе рұқсат жасалғаннан кейін ғана отыруға болады. Іс сапарда: • Жолға шыққанда соған лайық киін. • Саяхаттану барысында жалпыға ортақ киім киген дұрыс • Шет елге саяхатқа шыкканда сенің мінез-құлқың бойынша сенің еліңді танитынын ұмытпа Театрда: Театрға 10-15 минут бұрын келіп, спектакл басталғанға дейін сыртқы киімді шешуге, өзіңді ретке келтіруге, бағдарламаны сатып алуға, өз орныңа барып, отыруға үлгеру керек. Ең соңғы минуттарда кешігіп келген адам бұрын келіп отырғандарға қолайсыздық турады. Әдеп әлеміне барар жол: Сана, мәдениет, ізет, парасат, тәрбие, өмір сыны, мінез, намыс,әдемі сөз, отаншылдық сезім. Оқушылардан әр сөздің мағынасына тоқталып өту. Дәйексөзбен жұмыс: Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін. И.Гете -Балалар, осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауабы) Медитация: «Менің жақсы көретін орным» оқушылардың бойындағы қысымын шығару мақсатында қолданамын. Сабақты қорыту :жаңа сабақты бекіту. Берілген сөздерді барлығы хормен айтады. Үйге тапсырма: Отбасының әдептілік ережесін жазып келу.Дәптермен жұмыс 31- бет 1 -тапсырма Жүректен жүрекке шеңберіне тұрып, оқушылардың өз қолдарынан жасалған жүркешелерін бір-біріне сыйлайды
Тип материала:
|
Презентация Power Point (ppt)
|
Размер:
|
3.52 Mb
|
Количество скачиваний:
|
166
|
Просмотров: 568
Похожие материалы