Здесь была ссылка на работу Сынып сағаттары автора Нурмуханова Асель Кайратовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар- тәрбие бастауы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ұлттық ойындар жайлы түсінік беру. Жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың атқаратын рөлін анықтау. Ұлттық ойындардың түрлері мен мазмұндарын ашу. Ойындарды орынды пайдалана білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділігінің дамуына, өздігінен жұмыс істеу арқылы өз білімін қалыптасты- руға дағдыландыру. Олардың ой-өрісін жан-жақты логикалық ойлану қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды зеректілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейне фильм, тақия, арқан, ормал, асықтар, таяқ, теңгелер. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сабақтың тақырыбын хабарлау. II. Негізгі бөлім 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойындар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен. Ұлттық ойындар балаға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке баулуға бағытталған екен. Ұлт ойындары- ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті өмірде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеудің пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашады, оның шығармашылық қабілетін дамытады. 2. Слайд көрсету- «Ұлттық ойындардың түрлері» 3. Оқушылардан жауап алу - Ұлттық ойындарды қандай түрлерге бөлер едіңдер? Малға байланысты: «Соқыртеке», «Ақсерек-көксерек» Түрлі заттармен байланысты: «Алтыбақан», «Асық», «Ақсүйек» Ептілікке байланысты: Жарыс, Көкпар,Білектесу т.б. Ой-өрісін дамытуға: «Тоғызқұмалақ» Балалармен «Соқыр теке» ойнын ойнау. Балалармен ойнайды, Ойнап жүріп ол бала Кеудеге ақыл ойлайды. 1-сайыс: Әр команда өздерін таныстырады. 1-топ: «Тұлпар» 2-топ: «Қыран» 2 – сайыс: «Жамбы ату» Бұл сайыс мергендер сайысы. Үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Жамбыны атып түсірген адам жүлдеге ие болады.Үлкен тойларда жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру.Ойыншы садақ жебесін нысанаға әрі тез дәл тигізу керек.Біздің ойыншыларымыз ілулі тұрған теңгені көздеп атады. Жебесі дәл тиген жағдайда ұпайға ие болады. 3 – сайыс: «Аударыспақ» Халық арасында кеңінен тараған ойын. Атқа