Здесь была ссылка на работу Ақансері Қорамсаұлы автора Байтелиева Галиябану Сейткасимовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Ақан сері Қорамсаұлы. (1843 – 1913 ж). Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығы XIX ғасырдағы музыкалық – поэтикалық өнердің дарынды өкілдерінің ішінде ерекше орын алады. Оның есімі халық есінде тек қана дарынды ақын және композитор ғана темес, сонымен бірге сирек кездесетін әнші ретінде де сақталған. Ақанның шын жүректен айтылған нәзік әндері тыңдаушылардың асыл ойлары мен сезімін, әр адамның жан дүниесін меңгеріп, эмоционалдық болмысын күшейте қабылдаған әннің ұзақ уақыт есте сақталуына еріксіз мәжбүр етеді. Композитор 1843 жылы Көкшетау облысының Қоскөл деген жерінде ауқатты малшының жанұясында дүниеге келген. Ақынның шын аты- Ақжігіт. Қарындастарының ортасында жалғыз ерке ұл болып өскен. Өзінің табиғи қабілеті мен өнер – білімге деген құмарлылығы арқасында Ақан жас кезінен бастап – ақ сауатын ашып, Шығыс поэзиясының үлгілерімен танысып, өз жанынан да ән - өлең шығарып, болашағы бар дарынды ақын - әнші екендігін байқатады. Сөйтіп, «Ақын – Ақан» деген атқа өте ертеден – ақ ие болады. Ал Ақан кішкентайынан өзінің зеректігімен, әрнәрсеге әуестігімен көзге түседі. Он төрт жасынан бастап Ақан даңқы оның туған ауылынан алысқа тарап, кемеліне жеткен ақын, талантты сазгер ретінде танылады. Кәмелетке толған шағында сәнді қымбат киім киіп, жолдастарымен ауылдан ауылға қыдырып, сал – серілік өмірді өткізе бастайды. Көптеген сал – серілер тәрізді Ақан да аңшылыққа құмар болады. Құсбегі, тазшыл, атшыл Ақан жүйрік тазы, лашын, қыран ұстайды. Оның шығармашылық өнерінде өз өмірінің осы қырлары айқын бейнеленеді. Ақанның «Көкжендет», «Бозторғай», «Қараторғай» әндері аң аулайтын құстарға арналса, Алты Алашқа тараған «Құлагер», «Маңмаңгер» әндері өзінің сүйікті сәйгүлігі Құлагерге арналып шығарылды.