Ағаш өңдейтін токарь станогының құрылысы

Предмет: Технология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Пәні: Технология, 7-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ағаш өңдейтін токарь станогының құрылысы

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: СТД-120м токарь станогының құрылысымен таныстыру;

2.      Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;

3.      Ой - өрісін дамыту.

Сабақтың түрі:  дәстүрлі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,сарамандық және өз бетімен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: 55-сурет, плакат,   дайындама, құрал-саймандар, сызба суреттер.

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, физика.

Сабақтың барысы:

І  Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуын және даярлығын тексеру, оқушыларға құрал-жабдықтарды тарату.

ІІ Өткен сабақты қайталау:

1.      Сен ағаш материалын кесу арқылы механикалық тәсілмен өңдеудің қандай негізгі түрлерін білесің? Олар қалай сипатталады?

2.      Ағашты қолмен кесудің механикалық тәсілмен кесуден айырмашылығы неде?

3.      Технологиялық процесс пен операцияның мәні мен  мазмұны қандай?

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.

    Айналатын денелер түріндегі бөлшектерді жасау үшін оларды токарь станогында жонып,егейді өңдейді. Ағаш өңдейтін СТД-120м үлгісіндегі токарь станогының негізгі бөлігі бағыттаушы тетіктерімен қоса алғанда, шойыннан құйылған тіректі негізгі негізі (6)болып табылады. Ол өзінің екі тіректі табаны (5) арқылы станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы (7) және артқы (13) қыспақ тетіктер ұстайтын тұтқасы (11)орналастырылған. Станоктың жұмыс механизмдері кесу аймағын (жұмыс кеңістігін) құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғағышпен (12) жабылып тұрады.

Станок орнатылатын тіректі негіз (6) өзінің тірек табандары (5) арқылы ағаштан жасалған арнаулы платформаға (1) мықтап бекітілген.   Оның сол жақ бөлігіне станоктың электромеханикалық жетегі орнатылған.

       Станок жұмысына басшылық жасау түйме тетік блогы (8) арқылы қамтамасыз етіледі. Ол блок алдыңғы қыспақ тетікке (7) орналастырылған. Дәл осы жерге жарық түсіретін шам (9) бекітілген.

     Дайындалған ағаш материалдарын бекітіп ұстау үшін ауыспалы шпиндельдің саптама тетіктері пайдаланылады. Оған орталық шанышқысы (үш тісті айыр) бар корпус, патрон, өңделетін ағашты станокқа бекітіп ұстайтын тығырық жатады. Жетектің сақтандырғыш қоршауының қақпағын электр қозғалтқышпен ашқан кезде,оған электр қуаты берілмей, тоқтап қалатындай етіп сақтықпен жалғастырылған. Ағашты кесіп өңдеу аймағы алдын ала қорғағыш қоршаумен жабдықталған. Қоршау негізінен металл корпустан, мөлдір экраннан және брезент кездемеден жасалған жұмсақ экраннан тұрады.       

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 259.17 Kb
Количество скачиваний: 51
Просмотров: 307

Похожие материалы