АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТҮР –ТҮС КОНЦЕПТІСІ
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Шажанканова Бибигуль Мадатовна
|
Осы зерттеу әдебиет жанрларымен байланысты. Жұмыс мақсаты- дүниенің тілдік бейнесі дүниені тіл арқылы көрудің түрлі тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді, мұнда түр – түстердің ұлттық, ұлтқа тән аймақтарды айқындауға мүмкіндігі зор екендігі көрсетіледі. Кез-келген халық тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының көрінісі. Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық үдерісте зерттеудің қажеттігі туып отыр. Бұл үдеріс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам санасының жемісі, күрделі ассоциативті-вербалды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде тараушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сапа-қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде дүниенің тілдік бейнесі жасалады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.23 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |