"Абай-ұлы, ұлы Абай мәртебем" ашық тәрбие сағаты
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Нурекешова Айжан Шорсовна
|
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Наурызбек
Жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Мол мұра кейінгіге қалдырған кім?
Әрине бұл Абай Құнанбайұлы.
Біз Абайды қазақ даласының шамшырағы деп білеміз. Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары мәдениетінің шамшырағы. Абай халықты білімге, ғылымға, еңбекке көп үндеген ақын. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын», деп жаман әдеттен сақтандырған. Абай атамыздың тұжырымдауынша, әуелі құдайға сыйынып, сонан соң өз қайратыңа сүйеніп, еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады.
Бүкіл әлем Абай, деп жырлап тұрғандай. Ендеше біз неге осы ұлы ақынымызды жырламасқа?! Олай болса, біздің бүгінгі әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі Абай Құнанбайұлына арналып отыр.
Абай ұлы, ұлы Абай мәртебем,
Абай жайлы сыр шертеді әр төбем.
Абайынсыз бейшара боп қалмақшы,
Қасиетті, құдіретті қара өлең, деген өлең жолдарымен бүгінгі «Абай ұлы, ұлы Абай мәртебем» атты кешімізді бастаймыз.
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» Ә.Балуанбаева.
«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» Ш.Айтыманова
Жүргізуші: Абай жасы қырыққа келгеннен кейін «Бірінші қара сөзінде» адам өмірін үш кезеңге бөлген.
1. Жастық шақ
2. Орта кезең
3. Кәрілік шақ
Осы кәрілік шақты қалай өткіземіз деген. Қорытындылай келгенде, қолыма қалам алып, ақ қағазды ермек қылып, артыма сөз қалдырайын деп шешеді. Ал «Жетінші сөзінде» жас баланың анадан екі түрлі мінезбен туатынын, бірінші ішсем, жесем, ұйықтасам, екінші білсем, көрсем дейді. «Он жетінші сөзінде» ақыл, қайрат, жүрек үшеуін бір бірімен айтыстырып, әрқайсысының қызметіне тоқталып, ең соңында мынадай ой түйеді «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді». Қазақтың көреалмаушылық, өтірік, өсек сияқты жаман әдеттерін жеріне жеткізе «Жиырма төртінші» сөзінде жазған. Ендеше, ұлы Абайдың ғибраты мол, өнегесі шексіз қара өлеңдерінің біріне кезек берелік.
«Он тоғызыншы қара сөз» М.Қаржаубаева
Келесі кезекте оқырмандар арасында жүргізілетін «Жедел жауапқа» берелік. Абай өмірі, шығармашылығы жайлы сауалдарға көрермендер тез жауап беруі тиіс.
- Он жасынан бастап
- Ілияс Жансүгіров Е.Онегиннің І томын толық аударған.
- Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Абай бейнесін операда сомдаған Рашит Абдуллин екендігін де біле жүргендеріңіз абзал.
- Қырық бес
- Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма, деп сол кезеңдегі сөз қадірін көп адамның ұға бермейтіндігін, қоғамда болып жатқан әділетсіздіктерді ақын жаны ашына жырлайды.
«Ауру жүрек ақырын сооғады жай» Ж.Қуандыққызы
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» П.Хұдайбергенова
«Жапырағы қуырған ескі үмітпен» А.Қабиев
Ән: «Сегіз аяқ» М.Қаржаубаева, П.Хұдайбергенова
«Ұяламын дегенім көңіл үшін» Ә.Әділова
Д.Қадіров
Ф.Аманғалиева
Жүргізуші: Мына тұрған Абайдың суреті ме,
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне,
Ақыл, қайрат, жүректі тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне? деп Жыр алыбы Жамбыл жырлағандай келесі кезекте Абайдың өзі құпияның тылсымын оқушылардың өзі шешсін деген мақсатпен бірнеше жұмбақтарды мирас еткен екен. Ендеше, сол жұмбақтарды шешіп, белсенділік танытып отырайық.
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып келе жатыр.
Кезек кезек жығысып, жатып тұрып,
Кім жығады белгісіз түбінде ақыр.
Жауабы: Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсы мен жаман
Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен?
Жауабы: Темір
«Абайға арнау» М.Мақатаев орындайтын М.Қаржаубаева
«Ескендір» поэмасы.
Осы поэмасын тамашалау арқылы:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,
Өлмей тұғын артына сөз қалдырған деген өлең жолдарын еріксіз есіңе аласың. Олай болса, оқушыларымыздың да Абай өлеңдерінен қаншалықты сусындағанын білу мақсатында өлеңнің алғашқы екі жолын мен оқимын. Білетіндеріміз болса, кем дегенде бір шумағын мәнерлеп айтып береміз.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сенде бір кіршіп дүниеге
Кетігін тапта бар қалан.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, деп осынау шара аясында ұлағатты ұстаздар қауымын қазанның алғашқы аптасымен бірге келетін төл мерекелерімен де құттықтаймыз. Еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз. Қазақтың дарқан даласында өмір сүрген ұлылардың барлығы да ұстаз алдынан өткендігін ескерер болсақ, сіздердің де алдарыңызда болашақ Абайлардың отырғандығына кәміл сенеміз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 44 Kb |
Количество скачиваний: | 30 |