Здесь была ссылка на работу Абайды оқы, таңырқа! автора Сарбалина Анаргул Жасулановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: «Абайды оқы,таңырқа!» Сабақтың мақсаты: Жаңа технологияларды оқып-үйрену,меңгеру арқылы болашақ маман иесі болатын интелектуалдық тұлға болып қалыптасуына ықпал ету. Сабақтың міндеті: Білімділік: Абайдың өлеңдеріндегі тәлім-тәрбиені ашып, оқушыларға ой-сана арқылы жеткізу. Оқушыларды Ұлы ақын - А.Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, сезіну қаблетін және сөйлеу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу. Тәрбиелілік: «Ондай болу қайда деп, Айтпа,ғылым сүйсеңіз» дегендей, оқушыларды өмір сүруге ынталандыра тәрбиелеу. Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру. Оқытудың нәтижелері: 1.Алған мағлұматтарын жинақтайды 2.Өмірдің мәнін түсінеді 3.Өз ойларын жинақтап, белгілі нәтижеге жетеді 4.Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырмаларды орындайды Қамтылатын модульдер: 1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер(топтық жұмыс) 2-модуль Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету(миға шабуыл әдісі,ой қозғау әдісі) 3-модуль Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау(Бағалау ағашы) 4-модуль АКТ-ні пайдалану(«Абайды оқы, таңырқа!» слайды) 5-модуль Талантты және дарынды оқушыларды анықтау(Топтық жұмыстар) 6-модуль Оқытудағы жас ерекшелікті ескеру. 7-модуль Оқытуды басқару және көшбасшылық(мұғалім-көшбасшы) Қадамдар: І бөлім 1.Ұйымдастыру бөлімі 2.Психологиялық дайындық 3.Топпен жұмыс( 1-топ Абай есімін қорғау 2-топ Абайдың өлеңдерін қорғау 3-топ Абайдың өмірін қорғау 4-топ Абайдың сауат ашуы).