«Абайла балақай алдында бағдаршам!»
Предмет: | Школьному психологу |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ауганбай Айнагул Ауғанбайқызы
|
Білім беру саласы: «Қатынас»
Тараулар: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Абайла бағдаршам!» (сурет бойынша әңгіме)
Мақсаты: балаларды бағдаршаммен таныстыру, жол бетгілерін ажырата білу дағдысын қалыптастыру, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру. Балаларды мейірімділікке байқағыштыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: бағдаршам
Керекті құралдар: бағдаршам суреті
Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Танымды-
оятушылық
Қонаққа Дымбілмес келгенін айтады.
Дымбілместі достары қонаққа шақырыпты, ол жолдан өтуді білмейді,
бізден көмек сұрап тұр.
Үстелді жағалай отырады.
Қуана қарсы алады, амандасады
Көмектесуге келіседі
Ұйымдастыру– іздестіру
Жұмбақ жасырады:
Қызыл көзім – «тұр» дейді
Жасыл көзім – «жүр» дейді
Ол не?
Тақтаға сурет іледі.
Бағдаршамды қарастыруды ұсынады.
Сұрақтар қояды:
- Бағдаршам қайда тұрады?
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Адамдар көліктер жүретін жолан өте ала ма?
- неге?
- Жолақ жол не үшін керек?
Бағдаршам туралы тақпақты жаттауды ұсынады.
Ашса кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
Қарап алма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба.
Дидактикалық ойын: «Орнын тап»
Рет – ретімен бағдаршамның көздерін қоюды ұсынады.
«Жүргізуші» ойынын ойнауды ұсынады.
Балаларға рульдерді береді. Әрбір жерге белгілер қояды. Сол белгілердің қызметтерін айтып, ары қарай жүруді ұсынады.
Жұмбақты шешеді
Назарларын тақтаға аударады.
Сұрақтарға жауап береді
Себебі: жолдағы көше тәртібін бағдаршам реттеп тұрады.
- Жаяу адамдар жүру үшін
Тақпақты жаттайды, қайталайды
Тапсырманы орындайды
Ойынды қызыға ойнайды
Рефлексивті– түзету
Сұрақтар қояды:
- Бағдаршамның қандай түсті көздері бар?
- Неше көзі бар?
- Бағдаршам не үшін керек?
Дымбілмес балаларға риза болып көмектескені үшін, қоштасады.
Сұрақтарға жауап береді
қоштасады
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: бағдаршамның адамға қажеттілігін, бағдаршамның үш көзінің қасиетін
Болу керек: бағдаршам туралы мағлумат
Істей білу керек: жол белгілерін ажырата білуді, тәрбиешіні мұқият тыңдай білуді, оқылған тақпақты қайталауды
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 2.52 Mb |
Количество скачиваний: | 22 |