А.Байтұрсынов «Өгіз бен Бақа»

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі З.Жаңабаева

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні

Сабақтың тақырыбы

Сыныбы

Күні

Махамбетова Сандуғаш

Әдебиет

А.Байтұрсынов «Өгіз бен Бақа»

Сілтеме

Әдебиет 5-сынып «Атамұра»

Жалпы мақсаттар

Оқушыларды Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерімен, аудармаларымен таныстыру және өлеңнің идеясын білуге бағыттау

Оқыту нәтижесі

Мәнерлеп оқу шеберлігі тереңдетуі

Негізгі идеялар

Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіруге баулиды.

Тапсырмалар

Білуге алты қадам

Топтық жұмыс,диалогтік оқыту, «Сөйлемді аяқта» әдісі

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: 1.Ұйымдастыру

а) Амандасу

ә) Сынып оқушыларын түгендеу

б)Сынып оқушыларын топқа бөлу

2.Үй тапсырмасы Ә.Тәжібаев «Толағай» Үй тапсырмасын тест сұрақтары арқылы сұрау

І Қызығушылықты ояту сатысы

Шрифтограмма арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу

3.Жаңа сабақ А.Байтұрсынов «Өгіз бен Бақа»

Интерактивті тақтадан Ахметтің суреті көрсетіледі.

- Бұл кім?

- Ол туралы не білесіңдер?

-Оның қандай өлеңдерін оқыдыңдар? деген сұрақтарға жауап алып, одан әрі Ахметтің өзінің, қазақ жастарымен түскен т.б суреттерді көрсетіп, Ахмет туралы айтып өтемін де өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстырып, жаңа сабаққа көшемін.

І Білу

Ахмет Байтұрсынұлы –балаларды оқу –білімге шақырып, көп жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған ағартушы педагог, қазақ тіл білімінің ірге тасын қалаушы. Ахметтің ақындығы мен аудармашылығы 1909 жылы Петербургте шыққан « Қырық мысал» жинағынан басталады. «Қырық мысал»- ұлы ағартушының мұратынан туған өлеңді шығармалар топтамасы.1901-1922 жылдары аудармамен айналысқан.Қырық мысалға» кірген өлеңдер түгелдей орыс ақыны И.А.Крыловтан аударған.

Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып,қоңырайма, құрбыларым,- дей тұрғанмен осы қырық мысал өлеңнің бәрі де түгелімен аударма секілді емес.Крыловтан аударған сондай аудармаларының бірі- «Екі шыбын». Бұл мысал түрінде жазылған.

Мысал дегеніміз не?

Мысал дегеніміз- эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта болады. Көбіне аң,хайуанат, жәндік туралы жазылады,сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады.

Идеясы астарсыз ,ашық тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма,шымыр келеді.

ІІ Түсіну Мағынаны ажырату

Оқулықпен жұмыс

ІІІ Қолдану

Сөздік жұмысы

Сарша тамыз- өте ыстық

шырақ- айналайын

помың - формаң,пішінің

Сергіту сәті

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 9.14 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 138

Похожие материалы