А.Байтұрсыновтың "Аққу, шортан һәм шаян" тақырыбындағы ашық сабағы
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Қазиева Венера Бахытжанқызы
|
А.Байтұрсынұлы аударған И.А.Крыловтың "Аққу, шортан һәм шаян" мысалын оқушыларға таныстырудағы мақсатым- өлеңдегі негізгі ойды өздеріне таптырып, өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу, осылайша бейбіт өмірдің тірегі- ынтымақ екенін ұғындыру. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру барысы "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" мақалымен басталды. Тараудағы өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылды. Ұлтын сүйген ұлтжанды А.Байтұрсынұлының өмірбаянымен таныса отырып, оқушылар өлеңді мәнерлеп оқыды, мысалдың негізгі ойын ашуға тырысты. Негізгі ой- ақынның айтар өсиеті екенін шығармашылық жұмыстар орындау барысында көз жеткізді. "Бейнеге ену" әдісі арқылы мысалды диалогке айналдырып, сахналық қойылым ретінде көрсетті. сабақты бекіту кезеңі "Кім көп біледі?"- бірлік, ынтымақ, достық туралы мақал-мәтел айту жарысымен аяқталды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 472.45 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |