Абылай тұсындағы қазақ хандығы

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

                                 АБЫЛАЙ  ТҰСЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ  ХАНДЫҒЫ

 

 

                                                Абылай хан

       Ол 1711ж Түркістанда дүниеге келген. Аты Әбілмәнсұр. Сабалақ деген жасырын атпен жүрген. Өнерге жақын болған. Дене бітімі зор болса керек. Ол он бес жасынан бастап жоңғармен соғысқа қатысқан. Керемет шешендігімен де көзге түскен. Халық оны не үшін «Абылай» деп атаған?

                                   Абылайдың ішкі саясаты   

      1771ж Абылай үш жүздің ханы боп сайланады. Ол Жетісуға Әділ мен Сүйік сұлтанды, Орталық Қазақстанға Қасым сұлтанды, Ертіске Сұлтанбетті, Шығыс Қазақстанға Әбілпейізді қойды.

     Ол сот билігін күшейтті. Оның кеңесшісі Бұқар жырау болды. Ол үш жүздегі қақтығыс пен барымтаны тоқтатты. Халықтың егіншілік, шөп шабумен балық аулау кәсібін қолдады. Темір ұстаханаларын салдыртты.

                           Абылайдың сыртқы саясаты

     РЕСЕЙмен    көршілік, дипломатиялық, сауда  қатынасын ұстануға тырысты. Ол Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанымен, іс жүзінде оған тәуелсіз саясат жүргізді.

    ЖОҢҒАРлар 1741ж тұтқиылдан шабуыл жасап, Абылай олардың қолына түсіп қалады. Кейін Қалдан Серен қайтыс болған соң елде билікке талас басталды. Бұл қазақтардың оңтүстік аймақтарын қайтарып алуға мүмкіндік берді. Мұны пайдаланған Қытай императоры 1755ж Жоңғарияға басып кіріп, 1758ж елді тас талқанын шығарады. 1761ж Қытай мұнда Шыңжаң аймағын құрады. Қытайлықтар бос аймаққа ұйғыр, дұнған, қалмақтарды қоныстандырды.

     1756ж Абылай Қытаймен дипломатиялық қатынас орнатты. Кейін Қытай мен қазақтар арасында жер дауы мәселесі туды.

     Осы жылы көктемде қазақтар Қытайға шабуылдап енді. Қытайға қарсы Әмірсана мен Қожаберген батыр, Абылай мен Бөгенбай батыр қарсы тұрды. 1761ж  Қытай Аягөз өзенінің оңтүстігіне қарай көшуге тыйым салды. Бірнеше келіссөздерден соң қазақтардың бір бөлігі Қытай қоластына өтті.

     ҚЫРҒЫЗДАР да оңтүстіктен өз құқын қойды. Олар жоңғардан босаған аймақты иемденгісі келді, малдарды барымталады, қазақ сауда керуендерін тонады. Абылай қырғыздарға қарсы 1765,1770,1779жж жорық жасады. 1781ж Абылай Ташкенттен кері оралып келе жатқанда, дүние салады. Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленеді. Оның орнына ұлы Уали отырды. 1795ж қазақтар ІІЕкатеринаға хат жазады.

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.53 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 97

Похожие материалы