«Адал ұл ер боп туса, ел тірегі» атты тәрбие сағаты

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адал ұл ер боп туса, ел тірегі»
І топ. Ата балаға сыншы.
ІІ топ. Әке көрген оқ жанар.
Жүргізуші:
Айтардан туған жампаз бар,
Жүгін нарға салғысыз.
Арғымақтан туған будан бар,
Күніңде көрінім жерде алғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар.
Адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Бір аяқ асқа алғысыз – деп.
Шалкиіз жырау өрелі ой айтса,
Қазыбек би: Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің ең соңы болады деген.
Бала біздің болашағымыз. Ұрпақ - ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді.
Ілияс Жансүгіровтың әкесі есесіне сауаты бар, өзі өнерлі адам болған. Ол баласының тәрбиесіне қатты көңіл бөлген. Өзінің бойындағы тамаша өнерінің бәрін баласына үйретеді. Ілияс әкесінен жаз, оқуды ғана емес етік тігуді, домбыра тартуды, қоңыр дауыспен ән салуды үйретеді.
Зерек, ұғымтал Ілияс халқының ән - жыр, күй өнерін, бай ауыз әдебиет үлгілерін жаттап өсті.
Ал Абай аулында туған Мұхтарды атасы Әуез немересінің зеректігін, алғырлығын байқап Абай өлеңдерін жаттатып, сөз қадірін үйренуге тәрбиелеген. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.41 Kb
Количество скачиваний: 67
Просмотров: 192

Похожие материалы