Адам жанының бағбаны (эссе)

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Адам  жанының бағбаны

 (эссе)

         Мамандық таңдау әр адамның ең маңызды шешімдерінің бірі. Осыдан бірнеше жылдар бұрын менің алдымда мыңдаған мамандықтар ішінен өзіме лайықтысын таңдау міндеті тұрды. Өз мамандығыма таңдау жасауда Жүсіпбек атамыздың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез-келгеніне  икемділік қажет, бұл-жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген нақыл сөзін өзіме бағыт сілтер  темірқазық қылып алдым. Мені не қызықтырады, жаным нені қалайды, неге икемім бар деген сауалдарға жауап алдым да, «жантану» деп аталатын қиын да қызық әлемге апарар жолға шығуға дайындық жасадым және сол жолмен әлі жүріп келемін.

Психолог,- ол кім? Психолог- өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін  ізгі жан. Психолог – өзін терең  түсіне  жүріп, өзгелердің жан – дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог – жәрдемші, психолог – көмекші. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан – дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлемін шарлап, жанына дауа  іздейді.  «Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла – деп  Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған, мен игерген  мамандықтың ғажайып тылсым сыры.

Осы уақытқа дейінгі  еңбек жолымда жеке тұлғаның өмірге құштарлығының артуы, болашағына сеніммен қарап, кездескен қиындықтардан шыға білу дағдысының  қалануы, келешекке нық қадам жасауы, өзіндік «мені» бар , көзі ашық, көкірегі ояу, білімді де білікті, саналы боп қалыптасуының негізгі іргетасы мектептен қаланатынын білдім.Ал, түсінгенім- нағыз психолог болу үшін өзгенің өміріне өзіңнің өмірің ретінде қарай отырып, олардың жан дүниесіне бойлай білу. Әрбір жеке тұлға сенің оқымаған кітабың екенін әр парағын ашқан сайын жаңалық тауып, қызығу, таңырқау, қиналу, қынжылу болатынын аңғардым.

Қай ұжымда болсын, психолог-маманға жүктелер міндет жауапкершілігімен маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, құқығына абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер арқылы қалыптасады.

Диқанбыз біз жерге емес жүректерге,

Ұлан- асыр өлшеусіз тілектерге.

Дән орнына төзім мен сенім егіп,

Ық боламыз пана іздеген үміттерге - деп ақын жүрегінен шыққан осынау бір өлең шумақтары мамандығыма деген махаббатымды күшейте түседі.

Психолог-маман сыныптағы оқушылармен ғана емес, ересектермен немесе педагогикалық ұжымның әр мүшесімен, ата-анамен  мәдени қарым-қатынаста болып, олардың пікірін бағалауға, іс-әрекеттерге қатыстыруға, сенімін нығайтуға, талдап-талқылауға, саралауға тікелей ұйтқы болып, тұлғалық мүмкіндіктерін ашады. Психолог сөзі -жан азығы, жан азығы жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, шаттыққа бөлейді, өмірге деген көзқарасыңды өзгертеді,түңілу тұңғиығын өшіреді. Әр маман иесінің өз мамандығына деген қарым-қатынасын мына бір аңыз әңгімемен толықтырғым келеді

Бір дана келе жатса, алдынан тас тиелген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатсың?» деген  дананың сұрағына: «Көрмей тұрмысың, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін» - деп жауап береді. Алдынан екінші арба сүйреген  кісі шығады. Сондай сұраққа ол: «не сітейін, ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін»- дейді.Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: Мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» -деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқаны мешіттің құрылысы екен. Бәрінің орындап жүрген  жұмысы  бірдей, бірақ сол еңбекке қатынасы, көзқарасы әртүрлі...

Міне, жақсы, жаман маман деген бағаға неліктен, не себепті ие болатынымызға   жауап тапқандаймыз.Ол сенің өз қызметіңе, алдыңдағы ісіңе, яғни балаға деген  қатынасыңа, сеніміңе байланысты екен.... Әсіресе, психолог мамандығын таңдаған адамға жұмысқа тек ақша табу үшін, не басқа жұмыстың реті болмағасын амал жоқ- мектепке психолог болып жұмыс жасауы бұрыс әрекет деп ойлаймын. Алдыма келген немесе рухани құлдыраған адамға қайткен күнде де қол ұшын беріп, дұрыс таңдау жасауына кішкене болса да бағыт –бағдар беруге тырысамын. Болашақта өз жұмысымды одан әрі жандандырып мектебімдегі әр оқушыға, ата-анаға, мұғалімге, қызметкерге қолымнан келгенше білімім мен тәжірибемді, рухани құндылықтарымды ұштастыра отырып, көмегімді тигіземін деген ойдамын және жұмыс барысында кездескен қиындықтарда М. Мақатаевтың мына бір өлеңін ұраным етіп жүремін, басқаларға да басшылыққа алуға ұсыныс беремін.

Өмір, өмір !

Болмайды түңілуге ,

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 53.53 Kb
Количество скачиваний: 60
Просмотров: 262

Похожие материалы