«Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңызы» ( сыныптан тыс сабақ)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Тақырыбы:«Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңызы » Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін  қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру. Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері. Әдісі: Пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу. Тәрбие сағатының барысы: I-кезең: Тәрбие сағатымен таныстыру II-кезең: Оқушылардың Адамгершілік жайлы түсінігі III-кезең: Саяхатқа шығу ойыны IV-кезең:  Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? (Өз ойын ортаға салу) V-кезең: Пікірсайыс (қорытындылау) Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. «Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В.А. Сухомлинский, - бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді». Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 46.5 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 170

Похожие материалы