"АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ" шығармашылық жұмыс
| Предмет: | Начальные классы |
|---|---|
| Категория материала: | Другие методич. материалы |
| Автор: |
Ешмурзаева Гүлмира Муптыхановна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Тәрбиенің негізгі міндеті- қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың бойында борыш, намыс, ар- ождан, қадір- қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени жаңалықтарға байланысты оқу үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру – заман талабы. Әр халықтың өзіне тән дәстүрі, оның білім беру мәдениеті осы оқу - тәрбие үрдісіне тікелей байланысты.Қазақ халқы – өзінің бай тарихи мұрасын, өнері мен тілін, салт – дәстүрін, әдеп – ғұрпын, рухани – адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан оқу – тәрбие үрдісінде қолданылатын әдіс- тәсілдер, деректер ұлттық психология ерекшіліктерін ескеру қажет.
Халқымыздың ғасырлар бойы ұлан- байтақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда ерлігімен көріне білген батырлары мен қолбасшыларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын ойлаған шешен - даналарын мақтан еткен. Отанымызды қорғау, шежіреге толы тарихын білу, тілі мен дәстүрін сақтау, зерттеу – азаматтық борышымыз. Сондықтан бар халық мақсаты өзінің өскелең ұрпағына тәрбие беруде күнделікті тұрмыс кәсібін ұлттық арнада ұйымдастырып, рухани- адамгершілік тағылымымен ұштастыра білген.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 28,5 КБ |
| Количество скачиваний: | 13 |