Агентомания (әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны) (5-класс)

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

№51 гимназия

Тақырыбы: Агентомания (әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны)

Дайындаған: Куздибаева Г. Ж.

Ақтөбе, 2015 жыл


Мақсаты:

Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет пен агенттің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектеп алды даярлық тобымен жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып, тіпті агент арқылы үйленіп, отбасын құрып жатыр. «Таяқтыңекіұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы - жаманжақтары бар. Біз осы жайындаөз ой - пікіріміздітаразығасалыпкөрейік.


Ток-шоу барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Барысы


Жүргізуші-1

Армырсыздар құрметті 5-класс оқушылары мен көрермендер. Бүгінгі тақырыбымыз «Агентомания» - яғни интернеттің, әлеуметтің желінің пайдасы мен зияны. Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет, оның ішінде әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр.

Жүргізуші-2

Бүгінгі мектептегі жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және вконтакте арқылы хат алысып, танысып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен әлеуметтік желілердің де жақсы - жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой - пікірімізді таразыға салып көрейік. Ал енді бейне сюжетке көз салайық.

Жүргізуші-1

Жаңа өздеріңіз көрген бейнесюжеттегі пікірлерге қарсы кейіпкерлерімізді ортаға шақырамыз. Ал саламатсыздар ма?! (зиянын айтатын оқушыларды ортаға шақыру)

Жүргізуші-1:

 Бізге әуелі өзіңдеріңізді таныстырып кетсеңіздер
Оқушылар:
 Менің есімім ... , мен ...класс оқушысымын.

Жүргізуші-1:
Жақсы, оқушылар күніне қанша уақытыңды интернетте өткізесің?
Оқушылар:
 Мен күннің 1 сағатын интернетте өткіземін.
Жүргізуші-1:
 Интернетті, әлеуметтік желіні қандай мақсатта қолданасыңдар?
Оқушылар:
Біз үшін интернет, әлеуметтік желітекбасқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе алатынымыз. Сонымен қатар мысалға, ұстаздар берген реферат, қосымша материалдармен жұмыс солардың бәрін біз интернет арқылы таба алатынымыз. Бұл енді уақыт жетпей жатқан кезде болмаса. Кітапханаға барып жүрмей үйдегі интернеттен іздейтініміз.Интернеттің пайдасы мен үшін осы ғана. Ал зияны өте көп. (Зияны жөнінде өз ойларын айту үшін оқушылар ортаға келеді.)

Жүргізуші-2:
Жастар көбі осы әлеуметтік желіде отырады. Мынадай қызықтарда бар, әр секунд сайын 8 адам қандай да бір әлеуметтік желіге тіркеледі екен. Ал сіздер қандай әлеуметтік желіге тіркелгенсіздер?

Оқушылар:
 Мен ....

Жүргізуші-2:
Ал ай сайын интернетке қанша қаржы жұмсайсындар?

Оқушылар:
 Мен ....

Жүргізуші-2:
Қазіргі уақытта оқушылар арасында агентшілердің қатары қарқындап артуда. Mail. ru Агент – онлайын жүйесінде қарым - қатынас жасауға арналған ресейлік компанияның танымал бағдарламасы, Мобильді агент – сол майл ру агенттің телефонға қондырылған нұсқасы. Бұл ұғымдар артық жарнаманы, түсіндіруді қажет етпейді. Өйткені оны қазір екінің бірі біледі. Білгені сондай, мобильді агент қосылған телефонын құшақтап ұйықтайды, соны құшақтап оянады. Әсіресе, жасөспірімдер. Mail. ru компаниясының мәліметінше, Mail. ru Агентті айына 11 миллион адам пайдаланса, бір минутта бір мезгілде оны 2миллион адам қолданады екен. Бүгінде агент 5 класс оқушылары секілді жастардың іш пыстырмайтын ермегіне айналған тәрізді. Олардың көбі «әлеуметтік желімен» ауыратын болды.Ендеше сол оқушыларды ортаға шақырайық.(пайдасын айтатын оқушыларды ортаға шақыру)

Жүргізуші-1:

 Бізге әуелі өзіңдеріңізді таныстырып кетсеңіздер
Оқушылар:
 Менің есімім ... , мен ...класс оқушысымын.

Жүргізуші-2:
Жақсы, барлық қолданушылардың 50% аптасына 5 сағатын әлеуметтік желілерде сөйлесумен өткізеді екен. Ал сендер күніне қанша уақыттарыңды интернетте өткізесің?
Оқушылар:
 Мен күннің көп уақытын интернетте өткіземін.
Жүргізуші-1:
Әлеуметтік желініңзиянды жақтарын ойладыңыздар ба?
Оқушылар:
 Мен үшін әлеуметтік желі пайдалы. Барлық жұмысымды әлеуметтік желімен бітіремін, ол мәдениеттіліктің негізі, достарыңмен үнемі байланыста боласың, жаңа достар табасың. Мен өзімді әлеуметтік желісіз елестете алмаймын. (Пайдасы жөнінде өз ойларын айту үшін оқушылар ортаға келеді.)

Жүргізуші-2:
Қандай әлеуметтік желіге тіркелгенсіздер?

Оқушылар:
 Мен ....

Жүргізуші-1:
Тіпті көшеде келе жатқанда бір-бірлеріңнің бет жүздеріңді көре алмайсыздар? Телефон арқылы әлеуметтік желімен хат алмасып келе жатасыздар. Сонда не айтасыздар? Әлде уақыттарыңды бос өткізесіздер ме? Шын достарыңнан гөрі, вертуалды достарың көп пе?

Оқушылар:
 Мен ....

Жүргізуші-2:
Ал ай сайын интернетке қанша қаржы жұмсайсындар?

Оқушылар:
 Мен ....

Жүргізуші-1:
Қазіргі дәл осы күні вконтакте тез дамыған әлеуметтік желі. Осыда отырасыздар, дұрыс па? Енді осыдағы өтетін фотобатлдар және түрлі сайыстар өмірлеріңде маңызды орын ала ма? Неліктен?

Оқушылар:

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 32.56 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 122

Похожие материалы