Ғажайыптар әлемі сыныптан тыс жұмыс

Предмет: Биология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы: Биология-ғажайыптар әлемі

Мақсаты:оқушыларды биология ғылымының  қызықты мәліметтерімен таныстыру және білімді, білікті болуға,   шапшаңдыққа, алғырлыққа, тез ойлауға, достарымен топтасып жұмыс жасауға баулу.

 

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі /сынып оқушыларын 3 топқа бөліп орналастыру/

ІІ. Негізгі бөлім

1.     «Оймаржан»    /сұрақ-жауап/

2.     «Ойлы болсаң озып көр»  /суреттермен жұмыс/

3.     «Жұлдызды сағат»  /тапсырмалар/

4.     «Таңғажайып»

5.     «Білімдімен дос болсаң...»

6.     Сыр сандық

ІІІ. Қорытындылау /жеңімпаз топты марапаттау/

І. Сайысқа 3 топ қатысады:

1-топ: «Барыс»

2-топ: «Қыран»

3-топ: «Тұлпар»

 

Тапқыр,білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды.

Сүйсең туған жеріңді

Ортаға сал барыңды,-деп сайысымызды бастаймыз.

 

1)    ІІ. Негізгі бөлім  «Оймаржан»/сұрақ-жауап/

 

1-топқа қойылатын сұрақтар:

1)    Жануарлар туралы ғылым /зоология/

2)    Өсімдіктің жер асты мүшесі  /тамыр/

3)    Ұлғайтқыш құрал /микроскоп/

4)    Өсімдікке жасыл түс беретін органоид  /пластид/

5)    Бунақденелілердің аяқ саны /6/

6)    Ерекше қорғалатын жануарлар мен өсімдіктер қайда тіркелген /қызыл кітап/

7)    Ихтиология қандай ғылым?  /балықтарды зерттейтін/

8)    Шортан қандай балық?   /сүйекті/

9)    Жүйелеуді енгізген ғалым  /Линней/

10) Сүлік қай кластың өкілі  /буылтық/

 

2-топқа қойылатын сұрақтар:

1)    Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым (ботаника)

2)    Қызылшақа балапан шығаратын құстар /кептер, торғай, тоқылдақ т.с.с/

3)    Құстардың арғы тегі /археоптерикс/

4)    Бунақденелілердің қанша түрі бар?  /700 000/

5)    Өте еңбекқор бунақденелілер   /ара, құмырсқа/

6)    Өсімдіктің көбею мүшесі /гүл/

7)    Ең кішкентай құс?   /колибри/

8)    Жасушаны ашқан ғалым. (Роберт Гук)

9)    Өсімдік пен жануар арасын байланыстыратын бір жасушалы жәндік
(жасыл эвглена)

10)Бидай өсімдігінің гүлшоғыры (күрделі масақ)

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.96 Kb
Количество скачиваний: 52
Просмотров: 212

Похожие материалы