Асқорытудың маңызы.Тістің құрылысы. 8 сынып

Предмет: Биология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

8 сынып биология

Сабақтың тақырыбы: «Ас қорытудың маңызы. Тістің құрылысы»

Сабақтың мақсаты: Ас қотыру, тағамдық заттардың құрамы жайлы түсінік қалыптастыру; тістің құрылысы және олардың ас қорытудағы маңызымен натысу.

Дамытушылық: оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ізденіске жетелеу.

Тәрбиешілік: ауыз қуысының гигиеналық талабы, тіс күтіміне көңіл бөлу керектігіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденіс сабақ

Сабақтың әдістері: бес шумақ өлең, шаршы.

Сабақтың көрнекілігі; қанатты сөздер, тірек – сызба, «Ас қорыту мүшелері» , «Тістің құрылысы» суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Балалар, үй жұмысын шаршыда берілген тапсырмалар бойынша таңдаймыз. Шаршыны ортаға тастаймыз да, әр топтың тапсырмасын анықтаймыз.

Кубизм әдісі:

1. Атаңыз (мақал-мәтел)

2. Шешіңіз (жұмбақ)

3. Ой толғау (темекінің зияны)

4. Талдау (тыныс алу мүшелерінің аурулары)

5. Салыстыру (алкогольдың зияны)

Жұппен, топпен ой бөлісіп, бір оқушы жауап береді.

Ал, енді темекі, туберкулез, денсаулық сөздеріне бес жолды өлең жазып келу тапсырылған.

Кім өлеңін оқығысы келеді? Бес шумақ өлең.

Мысалы: темекі улы, зиянды, уландырады, ауыртады, аздырады. Не деген жағымсыз ол – никотин.

ІІІ. Жаңа сабақ

Халқымыздың «тәннің ләззаты – саулығында, жанның ләззаты білімінде» деген нақыл сөз бар. Денсаулық - өмірдің негізі, ал білім ақыл – ойдың дамуы. Адам денені сау болып қалыптасуы үшін салауатты өмір сүруі қажет. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ас қорытудың маңызы. Тістің құрылысы» (дәптерге жазу)

Мағынаны ажырату.

1. Адам организмді қаліпті өсіп, дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең негізді жағдай – дұрыс тамақтану.

Қоректік заттар – клеткалардың өсіп, өнуі, дамуы үшін, тіршілікке қажетті энергия көзі.

Мұғалім: Қоректік заттардың құрамына ақуыз, май, көмірсулар, минералды заттар және витеминдер кіреді.

Тапсырма: Әр топ қоректік заттар бойынша тапсырма алады да , оқулықтан екі минут уақыт ішінде өздеріне берілген бөліктерін өз түсінгендерін айтады.

Дәптермен жүмыс: Қоректік заттардың сызбасын сызады.

2. Ас қорыту жүйесіне қандай мүшелер жатады? (тақтадағы сызбадан мүшелерді көрсету)

Ас қорыту деп қоректік заттардың үрделі түрінен жай, суда еритін, қанның құрамына жеңіл өте алатын күйіне айналуын айтады.

Асқорыту - өте күрделі процесс, ал қорыту жүйесі ас қорыту жолынан және бездерден тұрады. Тағам тіс пен тіл арқылы ұнтақталады.

3. Тістің құрылысы. Сызба, сурет арқылы тістің құрылысымен танысу (дәптерге сызу)

4. Адамның денсаулығы оның барлық мүшелерінің бір қалыпты жұмыс істеуіне байланысты. Бұл жүйеде тіс қызметі елеулі орында. Қазір оқушылардың өздері дайындаған тістің маңызы, тіс аурулары, тіс күтімі жайлы жұмыстарын тыңдайық.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.38 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 91

Похожие материалы