Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі, салыстырмалылығы

Предмет: Биология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы:

§ 44. Бейімділік. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты.

Сабақтың мақсаты: Бейімділік (бейімделгіштік) және оның түрлері мен салыстырмалы сипаты туралы түсініктер алу.

Міндеттері:

1.Оқушыларда бейімділік және оның түрлері мен салыстырмалы сипаты туралы ұғымдар қалыптастыру.

2. Оқушылардың танымдылық қабілетін арттыра отырып, бейімділіктің түрлерін ажырата білуге үйрету.

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

1.Оқушыларда бейімділік және оның түрлері мен салыстырмалы сипаты туралы ұғымдар қалыптасады.

2. Оқушылар бейімділіктің түрлерін ажырата білуге үйренеді.

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: топтастыру, «Сұрақты ұстап ал!» ойыны, постер қорғау, биологиялық диктант, суретті тест, сәйкестендіру тесті, СТО элементтері (ой қозғау, бағалау парағы)

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, флипчарт

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау § 43

ІІІ. Жаңа сабақты түсіну.

ІV. Бекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VІ. Қорыту

І. Амандасу. Түгелдеу.

Топтастыру ( жыл мезгілдеріне байланысты «көктем, жаз, күз, қыс» деп 4 топқа бөлу).

Психологиялық тұрғыдан сабаққа әзірлеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Сұрақты ұстап ал!» ойыны бойынша (Мұғалім сұрақ қойған кезде кезек-кезекпен допты әр топқа лақтырады. Егер де допты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда ол топ 3 ұпай алады. Егер де ол жауабын білмесе, допты басқа топқа 2 ұпайға лақтырады. Егер де доп тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 ұпайға дейін төмендейді).

І – топқа сұрақтар:

1.Алғашқы эволюциялық факторларды айтыңыз.

2. Популяциялық толқын дегеніміз не?

3. Географиялық оқшаулану дегеніміз не?

ІІ – топқа сұрақтар:

1.Популяциялық толқындардың авторы кім?

2. Оқшаулану дегеніміз не?

3. Экологиялық оқшаулану деген не?

ІІІ – топқа сұрақтар:

1.Гендердің ығуы дегеніміз не?

2. Оқшауланудың типтерін атаңыз.

3. Популяциялық толқындарға мысал келтіріңіз.

ІV – топқа сұрақтар:

1.Гендердің ығу құбылысын ашқан ғалымдар кімдер?

2. Биологиялық оқшаулану дегеніміз не?

3. Биологиялық оқшауланудың түрлерін ажыратып сипаттаңыз.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіну:

Миға шабуыл:

Биологиялық алға басу және кері кету деген не? «Эволюциялық табыс» немесе «Эволюциялық сәтсіздік» деген не? Түйенің шөлде тіршілік етуі үшін қандай бейімделушіліктер бар?Табиғи сұрыпталу дегеніміз не? Тіршілік үшін күресте қандай ағзалар тірі қалады?

Тіршілік үшін күрестің нәтижесі – табиғи сұрыпталу және оның нәтижесі – бейімделгіштік(бейімделу).

Әрбір топ тақырыптың мазмұнын ашу үшін жоспар бойынша берілген тақырыпшаларды постерде қорғау.

Постер: Критерийлері:

І – топ: «Қорек талғауға бейімделу және климаттық бейімделу ерекшеліктері»

ІІ – топ: «Қорғаныш реңнің түрлері: бүркеніш және жасырушы рең»

ІІІ – топ: «Еліктеу реңі және көрнекілеу немесе сақтандырушы рең»

ІV – топ: «Бейімделгіштіктің салыстырмалы сипаты»

Сабақтың мазмұны: Бейімделгіштік – адаптация дегеніміз тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті.

Кезінде Ламарк тірі ағзалардың өздері өмір сүретін қоршаған орта жағдайларына бейімделуге мәжбүр болатынын байқады. Дарвин теориясында бейімделгіштік дамытылып, толықтырылды. Тірі ағзалардың әрқайсысы өз табиғи қоршаған ортасынан барынша көп пайда алуға, сондай-ақ әрқайсысы оған қарама-қайшылық көрсетпеуге тырысады.Тіршілік иелерінің барлығының міндеті – тіршілік үшін күресте онша шиеленіссіз өтетін өз экологиялық таушасын (ниша) табу. Сонымен эволция нәтижелерінің бірі – тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштігі.

1.Қорек талғауға бейімделу 4.Гүлді өсімдіктердің айқас

тозаңдандыруға бейімделуі

2.Климаттық бейімделу 3.Қорғаныш реңдер

Қорғаныш реңдер

Қорғаныш рең еліктеу реңі көрнекілеу реңі немесе

сақтандырушы рең

Бүркемелеу немесе бөлшектену көлегейлену немесе

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 948 Kb
Количество скачиваний: 37
Просмотров: 314

Похожие материалы