Алаштың асыл арыстарын ардақтайық

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Алаштың асыл арыстары           

Мақсаты:

Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы ақпараттандыру, Алаш партиясы бағдарламасын қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси жағдайға сай салыстыра отырып, баяндау. Алаш партиясы тарихын сыни тұрғыдан қабылданған ақпараттар негізінде хабарлау.
Алаш партиясының тарихының негізгі кезеңдерін білу, Алаш қайраткерлерінің өмірін зерттеп ауызша түрде талдау жасау, ақпараттық мәдениетін дамыту, елдің мемлекеттік  саясатын түсіну мен қадірлеу, Алаш партиясы бағдарламасында қаралған мәселелерді кез-келген сәтте өмірмен байланыстыра отырып қолдана білуге, біртуар ұлдардың ерлік әрекеттерін өз іс-әрекетінде тиімді пайдалануға әрі соны қолдану барысында өзінің әрекеттерін реттеуге және нәтижесін бағалауға, өзіндік баға беруге, игерген теориялық білімді өмір сүру барысында қолдана білуге үйретіп, саяси көзқарасын қалыптастыру.

 Көрнекілігі: Фото суреттер, деректі фильмдер,слайд.

   1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі  «Алаштың  асыл  арыстары» атты тәрбелік шарамызға қош келдіңіздер! Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше біз, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына мүдделі болуға тиіспіз. Өйткені Алаш идеясы – ұлттық идеология! Ол отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейді. ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақтың зиялы қауымы ағартушылық, либералдық, демократиялық көзқарасты ұстана отырып, ұлт-азаттық жолында қызмет етті. Қазақ елінің тәуелсіз даму жолына түсуі, алдыңғы қатарлы елдерге жетуі, ол үшін оқу-білімді дамыту – ұлт зиялыларының басты мұраттарының біріне айналды. Осы ойларынан олар кеңес өкіметі кезеңінде де бас тартпады. Зиялы қауым ендігі жерде өз мүмкіндіктерін мәдени салаға, оқу-ағарту ісіне жұмсады.

   2-жүргізуші : Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Алаш қозғалысының басты мақсаты – қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Көріп отырғанымыздай, арада бір ғасырдай уақыт өткенде осы ұлы мұраттар егемен қазақ елінің мемлекеттік ұстанымдарына айнала бастады. ХХ ғасыр басындағы Алаш идеясы ұлтты идея ретінде алға шығып келеді.

    1-жүргізуші: 1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынбор қаласында өткен екінші жалпықазақ съезінде Ұлттық Кеңес құрылды. Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия(тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы

Ә. Бөкейханов, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей қаласы ,кейін Алаш-қала атанды.

   2-жүргізуші:  1917 жылдың 13 желтоқсаны – қазақтың алғашқы заманауи үкіметінің - Алашорданың дүниеге келген күні. Алашорда үкіметінің құрылып, ХХ ғасырдың басында қазақ даласында автономиялық биліктің болуы ұлт-азаттық қозғалыс тарихында елеулі кезең болып саналады. Ғұмыры ұзақ болмаса да қазақтың тұңғыш үкіметі құрылып, қазақ халқының мемлекеттікке лайықты ел екені паш етілді. Алаш арыстарының ең басты еңбегі – олар сол қиын уақытта толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғау жағына шыға алуында. Алаш қозғалысы заманалық маңызы бар құбылыс, оның идеялары мен бағдарламалары ұлттық мемлекеттікті қалыптастыруды мақсат етті.Ел тағдыры таразыға түскен сын сағатта Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер бастаған ұлт зиялылары қазақтың болашағы үшін шешуші қадам жасап, ұлы мұрат жолында ұланғайыр қайрат көрсетті.
   1-жүргізуші :“Алаш автономиясының құрылуы  туралы деректі фильм” бейне түсіріліміне назар салайық!

1-оқушы  Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан

Әлихан Бөкейхан 1866  жылдың 25-наурызында бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты өңір.

Ә. Бөкейханов — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Ә. Бөкейханов — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

    1-жүргізуші:

  Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жол сілтедім жақын емес алысқа.

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,

Дедім,- сен де қатарыңнан қалыспа!,-деп халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді.

       2- Оқушы      Ахмет Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынов - қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы - ғалым, ұлт ұстазы.
1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
Аса ірі халық қайраткері, ағартушы-ұстаз, ғұлама ғалым, көрнекті ақын, жалынды публицист, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы ірі түрколог, этнограф, ғажайып сыншы, композитор-музыкант және шебер орындаушы, ауыз әдебиеті ме мәдениет зерттеушісі, профессор  Ахмет Байтұрсыновтың  күреске толы өмірі мен мұрасына там-тұмдап үңілген сайын оның қуатты тұлғасы зорайып, еңсесі биіктеп бара жатыр.

2-жүргізуші: ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді.

3-оқушы: Жүсіпбек Аймауытов

 Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертегілері, сын мақа­лалары мен аудармалары енген.Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.

1-жүргізуші:

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты.  –деп жырлаған  XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi — талантты қаламгер, қоғам қайраткері Міржақып Дулатов еді.

4-оқушы:  Міржақып  Дулатұлы

 Алаш қозғалысының  қайраткері, көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам  қайраткері. М. Дулатовтың өмірі мен  шығармашылығы «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметімен   тығыз байланысты. Ол «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің  бағдарламалық құжаттарын дайындауға қатысты,  А. Байтұрсыновпен бірге қүқықтық мемлекет қағидаларын жасады. Ол халық тарихында бірінші рет ашыққандарға көмек беру қорын ұйымдастырды.

М. Дулатовтың  Алаш қайраткерлерінің арасындағы орны ерекше. Елі үшін туылып, ел үшін шаһит кешетін тұлға болады. Ол сол елдің ертеңінің нұрлы болуы үшін жанталасады.

 2-жүргізуші:

Күншығыстан таң келеді, мен келем,
Көк күңіренеді: мен де көктей күңіренем.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем !
Қап-қара түн. Қайғылы ауыр жер жыры !
Қап-қара түн. Күңіренеді түн ұлы.
Күншығыста ақ алтын бір сызық бар:
Мен келемін, мен — пайғамбар, Күн ұлы,-деп жырлаған ,кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі- Мағжан Жұмабаев.

5- оқушы: Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы 1893  жылы 25-маусымда  Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген.  Әке-шешесінің азан шақырып қойған аты Әбілмағжан.

Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге  арнап  “Педагогика”  (1922, 1923), “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” (1925) еңбектерін  жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті.

6- Оқушы.  Шәкәрім Құдайбердіұлы— ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген.  Жан-жақты терең білім,араб, парсы, түрік және орыс тілдерін меңгеру Шәкерімге тек кана әдеби еңбектер ғана емес, тарихи, философиялык тақырыптардағы еңбектер жазуға мүмкіндік берді. Ол батыс философтары Огюст Кант, Артур Шопенгауэр т. б. еңбектерімен танысып, олардың философиялык көзкарастарын ой елегінен өткізді. Шәкәрім шығармашылығы қазақ әдебиетіндегі өзіндік жаңа кұбылысқа айналды. Ақын әрі прозаик ретінде ғасырлар межесіндегі қазақ қоғамының өмір бейнесін көлемді түрде айқын бейнелеп, адамның ішкі дүниесіне терең талдау жасай білді. Оған дәлел - «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартай-Айсұлу» поэмалары мен 1988 жылы ғана жарық көрген «Әділ-Мәрия» романының кейіпкерлері. Шәкәрім Құдайбердиев.

Мен жетелеп өлемін,

 Өрге қарай қазақты.

 Өлсем де ойын бөлемін,

Сөзбен салып азапты, - деп алдына биік мақсат қоя ұмтылған ақын төңкерістен соң іле-шала Алашорда үкіметінің жұмысына араласқан.

7- оқушы:    Смағұл Садуақасов

Алты алаштың ардақты азаматы Смағұл Сәдуақасов 1900 жылы Ақмола губерниясының, Омбы уезі Қорған болысында дүниеге келген. Смағұл Сәдуақасов – әдебиеттанушы, қазақтың тұңғыш ұлттық театрын ұйымдастырушысы.

25 жасында мемлекеттік ірі істерге белсене араласқан өжет, тура сөйлейтін, ойы терең, сөзі салмақты, айтқанынан қайтпайтын Смағұлды республика басшылығының тізгінін ұстаған Голощекин ұнатпаған. С. Сәдуақасов Сталиннің Қазақстандағы қолшоқпары, «Кіші қазанды» бастап, қазақ жеріне зобалаң, зұлмат әкелген Голощекинді сынап, пікірлерінің, іс-әрекеттерінің терістігін көзіне, көпшілік алдында айтқан.

8-оқушы:    Әлімхан Әбеуұлы Ермеков

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков  Алаш қозғалысының жас та, алғыр, іскер қайраткері болды. Алашорда үкіметінің мүшесі, табиғатынан зерек тұлға, математика ғылымдарынан тұңғыш  қазақ профессоры. Әлімхан Ермеков 1891 жылы осы күнгі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Бөріктас деген жерде дүниеге келді.

Әлімхан  Ермековтің  тарихи     зор еңбегінің бірі — Қазақ автономиясы шекарасының біртұтастығын жанқиярлықпен қорғауы. Осы орайда ол 1920 жылы 17-тамызда В.И.Лениннің төрағалығымен өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық комиссарлары кеңесінің мәжілісінде Қазақ автономиясы туралы мәселе қаралғанда, Қазақстанның жағдайы туралы Ә.Ермеков баяндама жасайды. Онда ол жер, Қазақстанның шекарасы туралы мәселелерді қамтып, өктемшіл, озбыр, отаршылдық пиғылдағы өкілдермен қызу айтысқа түсіп, өз пікірін тиянақты, жан-жақты, бұлтартпас дәлелдермен қорғап шығады. Шовинистер   өз  кінәсін  мойындап, нәтижесінде, кезінде қазақтардан тартып алынған Каспийдің теріскей жағалауындағы ені бір шақырымдық және Ертістің сол жағалауындағы он шақырымдық  ұлан-ғайыр жер Лениннің тікелей қолдауымен Қазақ еліне қайтарылады. Қазақ автономиясын құруда Ә.Ермековтің өлшеусіз еңбегін зерделей отырып, онан кейінгі жасампаздық жылдары Қазақ елінің шаруашылық жайын қалыптастырып, нығайтуға  халықты ағарту сияқты нақты істерге бағытталғандығына көз жеткіземіз.

    9-оқушы:   Сәкен Сейфуллин

Отыз жетінші жылдың қанды қырғынына ұшыраған есіл ердің бірі – ақын және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин.

Сәкеннің (шын есімі Сәдуақас) дүниеге келген жері Ақмола облысы, Ақмола уезінің Нілді болысындағы Нілді мыс қорыту заводына таяу тұстағы қазақ ауылы. Қазір бұл жер Жезқазғанның Жаңаарқа ауданына қарайды.

 Патша өкіметін құлатқан ақпан революциясынан кейін-ақ Ақмола қаласына ауысып, революциялық жұмыстарға белсене араласады. Сол жылдың көктемінде құрылған Қазақ комитетінің председателі болып сайланады. Оның қатысуымен Ақмола жастарының революцияшыл тобы «Жас қазақ» атты ұйым құрып, «Тіршілік» атты газет шығарады.

1922 жылы «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» пьесалары кітап болып басылды.

Проза жанрында «Тар жол, тайғақ кешу» (1927) атты мемуарлық романын, «Айша» (1922), «Жер қазғандар» (1928), «Жемістер» (1935) повестері мен әңгімелерін жазды.

10 –оқушы:    Тұрар Рысқұлов

Адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды.

1984 ж. 26 желтоқсанда Жетісу облысы Верный уезіне қатысты Шығыс Талғар болысында дүниеге келген.

1916 ж. бастап жиырма жастан жаңа асқан Тұрар қоғамдық-саяси өмірге қызу араласып кетті, ол 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің Әулиеата-Мерке ошағына идеялық тұрғыдан басшылық жасады.

Тұрар Рысқұлов бүкіл саналы өмірінде мемлекеттік және партиялық саясаттағы ұлы державалық шовинизмнің көріністеріне батыл күрес жүргізді, ол жергілікті ұлтшылдық көп жағдайда ұлы державалық шовинизмге жауап ретінде бой көрсететіндігін дәлелдеумен болды.

1-жүргізуші:Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жене осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала  ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» - деп көрсеткен болатын.

 Алаш ардақтылары өлеңдерінен оқу.

 2-жүргізуші :Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан!  Ендеше біз, әрбір азамат осы  жүз жыл бұрынғы  ұлттық  ұлы идеялардың  бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде  берік  орнығуына мүдделі болуға тиіспіз. Өйткені Алаш идеясы – ұлттық идеология! Ол  отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейді

Алаш партиясының басты бес бағыты:

  1. Жерге еңалдымен  қазақ ие  болу керек. 2. Жердің асты-үстіңгі байлығын қазақ пайдалануы керек. 3 Өз өнімін өзі өндіретін ұлттық экономика, 4.Қазақ тілінің мемлекеттілігі, діні мен ділінің үстемдігі, 5. Білімнің дамуы,  міне осы бес бағыт  бір ғасырдан кейін , бүгін де өте өзекті болып отыр.

1-жүргізуші :Алаш идеясы – ұлттық идеология.  Ендешеұлтболыпжұмылып, Алашарманыніскеасыруымызкерек. Біз бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған, елімізді алғаш ұлттық санаға көтерген Алаш арыстарын ардақтауымыз керек.

Алаштың ұрпағымыз,

Білімге ұмтыламыз.

Айбарлы да, ардақты

Елге қамқор боламыз.

айтқандай сіздер мен біздер, Алаш ұрпақтары, киелі Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, қадірлей білуіміз керек

Осымен бүгінгі  ұйымдастырылып отырған «Алаштың асыл  арыстары» атты тәрбиелік шарамызды аяқтаймыз

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 64.5 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 124

Похожие материалы